Білім беруді дамытудың нәтижелері туралы білім бөлімі маусым айына арналған ақпарат

Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2020 жылғы маусым айына ақпарат

 

Білім беру желісіне 820 ұйым кіреді, соның ішінде 187 балабақша,                         12 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 498 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 6 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп,                    5 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 35 колледж                          (26 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және                                           7 жекеменшік), 22 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 9 ұйым, 45 қосымша білім беру ұйымы. 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие.

2020 жылдың 1 маусым қарай облыста 187 балабақша (1.06.2019 ж. – 185), оның ішінде 64 жекеменшік (1.06.2019 ж. - 61), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 406 шағын орталық (1.06.2019 ж. - 417)оның ішінде 394 жалпы орта білім беретін мектептің жанында(1.06.2019 ж. - 405) және 12 жекеменшік (1.06.2019 ж. - 12) жұмыс істейді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 79,9% құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,8%. 1.06.2020 жылға мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 18704 баланы (1.06.2019 ж. – 24262 бала) құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 14810 баланы, 3 жастан                     6 жасқа дейін 4073 баланы құрайды.

Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр (1.06.2020 ж.): Қостанай қ.– 5423, Рудный қ. – 3979, Қостанай ауданы – 1439, Арқалық қ. – 919.

 

Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 515 мектеп, оның ішінде 498 (2017-2018 оқу жылы – 514, 2018-2019 оқу жылы – 504) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 6 – кешкі (2017-2018 оқу жылы – 6, 2018-2019 о.ж. – 6), 5 – жекеменшік (2017-2018 о.ж. – 4, 2018-2019 о.ж. – 4) мектеп.

Мемлекеттік тілде оқытатын 120 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 116-сы аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 67,4 % (2017-2018 о.ж. – 68,3 %, 2018-2019 о.ж. – 68,7 %), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2017-2018 о.ж. – 17 бірл., 2018-2019 о.ж. – 19 бірл.).

Мектептері немесе тиісті үлгідегі мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алу мақсатында 2221 оқушыға (2017-2018 о.ж. – 2922 оқушы, 2018-2019 о.ж. – 2972 оқушы) 22 мектеп жанындағы интернатта тасымал ұйымдастырылды.

 

Қосымша білім беру.

Облыста 45 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту, оның ішінде спорт саласында, 85293 оқушыны немесе 79,1% құрайды. Облыста 42278 оқушыны немесе 39,4% қамти отырып 1757 үйірме және 42795 оқушы немесе 39,4% қамти отырып, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беретін ұйымдарда 1663 спорт секциясы жұмыс істейді.

Жасөспірім тұлғасын әлеуметтендірудің негізгі факторы – бұл балалар мен жастар бірлестіктерінің қызметіне қатысу. Облыста балалар мен жасөспірімдер қозғалысымен қамтылған оқушылардың үлесі 72,4% құрайды.

Қостанай облысының білім беру ұйымдарында 174 әскери-патриоттық клуб пен 271 әскери-патриоттық үйірме жұмыс істейді. Осы ұйымдар Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау үшін түрлі іс-шараларды өткізеді.

 

Қорғаншылық пен қамқоршылық

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10159 бала                     (2018-2019 о.ж. – 10779), оның ішінде 9812-і оқуға жатады.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында 832 (2018-2019 о.ж. - 889) тәрбиеленуші, жалпы білім беретін мектептердің 129 арнайы сыныбында                     941 оқушы (2018-2019 о.ж. – 1052) арнайы бағдарламалар бойынша оқиды.

12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 622 балаға                       (2018-2019 о.ж. - 672) түзеу көмегі көрсетіледі, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 103 логопедиялық пункттерінде 2105 баламен                       (2017-2018 о.ж. –3008) сабақ өткізіледі.

327 мүгедек бала (2018-2019 о.ж. - 311) 1 сыныптан бастап 11 сынып аралығында жеке бағдарламалар бойынша оқиды, жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған балалардың саны 4404 (2018-2019 о.ж. – 5065) құрайды.

Облыста 2049 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (2018 ж. – 2338, 2019 ж. -2285) тұрады. Көрсетілген санаттағы балалардың жалпы санынан 1336 –і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2018 ж. – 1403, 2019 ж.-1353), 172-сі қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2018 ж. – 169, 2019 ж.-174); 23 – асырап алушы отбасыда, 518-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, оның ішінде 432-ы - 9 білім беру ұйымда, 22-і – 2 денсаулық сақтау ұйымында, 64 – әлеуметтік қорғау ұйымдарында (2018 ж. – 766, 2019 ж. -589).

 

       Педагогикалық кадрлар.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13124 мұғалім (2018-2019 о.ж. – 13193) педагог жұмыс істейді, оның ішінде 11568 мұғалім (2018-2019 о.ж. - 11616). Педагогтардың жалпы санынан жоғары білімі бар мұғалімдердің саны – 11262 (2018-2019 о.ж. – 11356), бұл 85,8 % (2018-2019 о.ж. – 86 %) құрайды, арнайы орта біліммен – 1862, немесе 14,2 % (2018-2019 о.ж. – 1837, 13,9%), орта біліммен – 0 (2018-2019 о.ж. – 0 %).

Жаңа формат бойынша аттестаттау қорытындыларын ескере отырып жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 6630 адамды немесе 57,3% құрайды (2018-2019 о.ж. – 56%).

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 35 колледж (білім басқармасына қарасты 26 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты                   2 және 7 жекеменшік), онда 22047 студент мамандық алуда.

2019-2020 оқу жылына 33 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5203 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4253 орын; -Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде-950 орын.

30 колледж аккредиттеуден өтті (24 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Рудный музыкалық, Рудный құрылыс және көлік, Рудный тау-кен, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық, Қазақстан агротехникалық, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері,Лисаков техникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі, Қарасу ауылшаруашылығы колледжі, 6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көпбейінді, Зерек колледждері).

Қазіргі таңда 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік, жалпы қамтуы 65% қамтиды.

 

Құрылыс және күрделі жөндеу.

2020 жылы облыстың білім беру саласында жалпы 135 жоба іске асырылуда (ЖҚЖК, «Ауыл Ел бесігі»,ЖБ) : 3 мектептің құрылысы (№2 Аманқарағай орта мектебінің орнына 1 мектептің құрылысын аяқтау, «Юбилейный» шағын ауданындағы  200 орынға арналған 1 мектептің құрылысын жалғастыру және мемлекеттік тілде оқытатын Қарасу НМ апатты жағдайдағы мектептің орнына 1 мектептің құрылысы), 500 орынға арналған жатақхананың құрылыс (Қостанай автомобиль көлігі колледжі жанында) ,30 объектіге күрделі жөндеу жүргізу, жалпы сомасы 12,8 млрд.теңгеге 101 объект ағымдағы жөндеу (2019 жылы - 6,1 млрд. теңге).

Анықтама үшін: «Жұмыспен қамтудың жол картасына» 10,1 млрд.теңге жалпы қаржыландыруымен барлығы 38 инфрақұрылымдық жоба енгізілді (оның ішінде Қарасу ауданы Қарасу ауылында 320 орынға арналған 1 мектеп және 500 орынға арналған 1 студенттік жатақхана).

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.

Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер (498 мектеп немесе 100%) кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 481 (96,6%), (84 қалалық және 397 ауылдық) 4 Мбит/с және одан жоғары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Қалалар және аудандар әкімдіктерінің білім бөлімдерімен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына автоматтандырылған өтініш беру және кезектілік қызметі бойынша шарттар жасалды (20 өңір). «HANALI 2013» ЖШС - 5 өңірде (Амангелді, Әулиекөл, Қамысты, Қарабалық және Арқалық қ.), «Цифрлық трансформация орталығы» ЖШС - 13 өңірде (Алтынсарин, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Б. Майлин, Ұзынкөл, Федоров, Қостанай, Лисаков, Рудный қ.), «IT Factory» ЖШС - 2 өңірде (Қарасу және Сарыкөл).

Сонымен қатар, қалалар және аудандар әкімдіктерінің білім бөлімдері мектептерге (20 өңір) автоматтандырылған өтініш беру қызметіне шарт жасасты. «Цифрлық трансформация орталығы» ЖШС - 14 өңірде (Алтынсарин, Денисов, Жангелді, Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Б.Майлин, Ұзынкөл, Федоров, Қостанай, Лисаков, Рудный қ.), «HANALI 2013» ЖШС - 5 өңірде (Амангелді, Әулиекөл, Қамысты, Қарабалық және Арқалық қ.), «IT factory» ЖШС - 1 өңірде (Қарасу).

 

Дата публикации
18 июня 2020