Білім бөлімінің 2020 жылғы мамырдағы білім беру саласын дамыту нәтижелері туралы ақпарат

Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2020 жылғы мамыр айына ақпарат

 

Білім беру желісіне 818 ұйым кіреді, соның ішінде 186 балабақша,                         11 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 498 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 6 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп,                    5 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 35 колледж                          (26 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және                                           7 жекеменшік), 22 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 9 ұйым, 45 қосымша білім беру ұйымы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие.

2020 жылдың 1 мамырға қарай облыста 186 балабақша (1.04.2019 ж. – 186), оның ішінде 63 жекеменшік (1.04.2019 ж. - 61), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 396 шағын орталық (1.04.2019 ж. - 405) және 11 жекеменшік (1.04.2019 ж. - 12) жұмыс істейді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 79,9% құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,8%. 1.04.2020 жылға мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 18412 баланы (1.04.2019 ж. – 22910 бала) құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 14992 баланы, 3 жастан                     6 жасқа дейін 4044 баланы құрайды.

Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр (1.04.2020 ж.): Қостанай қ.– 7681, Рудный қ. – 4138, Қостанай ауданы – 1826, Арқалық қ. – 937.

 

Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 515 мектеп, оның ішінде 498 (2017-2018 оқу жылы – 514, 2018-2019 оқу жылы – 504) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 6 – кешкі (2017-2018 оқу жылы – 6, 2018-2019 о.ж. – 6), 5 – жекеменшік (2017-2018 о.ж. – 4, 2018-2019 о.ж. – 4) мектеп.

Мемлекеттік тілде оқытатын 120 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 116-сы аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 67,4 % (2017-2018 о.ж. – 68,3 %, 2018-2019 о.ж. – 68,7 %), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2017-2018 о.ж. – 17 бірл., 2018-2019 о.ж. – 19 бірл.).

Мектептері немесе тиісті үлгідегі мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алу мақсатында 2221 оқушыға (2017-2018 о.ж. – 2922 оқушы, 2018-2019 о.ж. – 2972 оқушы) 22 мектеп жанындағы интернатта тасымал ұйымдастырылды.

 

Қосымша білім беру.

Облыста 45 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту, оның ішінде спорт саласында, 85293 оқушыны немесе 79,1% құрайды. Облыста 42278 оқушыны немесе 39,4% қамти отырып 1757 үйірме және 42278 оқушы немесе 39,4% қамти отырып, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беретін ұйымдарда 1663 спорт секциясы жұмыс істейді.

Жасөспірім тұлғасын әлеуметтендірудің негізгі факторы – бұл балалар мен жастар бірлестіктерінің қызметіне қатысу. Облыста балалар мен жасөспірімдер қозғалысымен қамтылған оқушылардың үлесі 72,4% құрайды.

Қостанай облысының білім беру ұйымдарында 174 әскери-патриоттық клуб пен 271 әскери-патриоттық үйірме жұмыс істейді. Осы ұйымдар Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау үшін түрлі іс-шараларды өткізеді.

 

Қорғаншылық пен қамқоршылық

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10159 бала                     (2018-2019 о.ж. – 10779), оның ішінде 9812-і оқуға жатады.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында 832 (2018-2019 о.ж. - 889) тәрбиеленуші, жалпы білім беретін мектептердің 129 арнайы сыныбында 941 оқушы (2018-2019 о.ж. – 1052) арнайы бағдарламалар бойынша оқиды.

12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 622 балаға                       (2018-2019 о.ж. - 672) түзеу көмегі көрсетіледі, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 103 логопедиялық пункттерінде 2105 баламен                       (2017-2018 о.ж. –3008) сабақ өткізіледі.

327 мүгедек бала (2018-2019 о.ж. - 311) 1 сыныптан бастап 11 сынып аралығында жеке бағдарламалар бойынша оқиды, жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған балалардың саны 4404 (2018-2019 о.ж. – 5065) құрайды.

Облыста 2194 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (2018 ж. – 2338, 2019 ж. -2285) тұрады. Көрсетілген санаттағы балалардың жалпы санынан 1347 –і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2018 ж. – 1403, 2019 ж.-1353), 172-сі қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2018 ж. – 169, 2019 ж.-174); 23 – асырап алушы отбасыда, 652-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, оның ішінде 519-ы - 9 білім беру ұйымда, 65-і – 2 денсаулық сақтау ұйымында, 64 – әлеуметтік қорғау ұйымдарында (2018 ж. – 766, 2019 ж. -589).

 

       Педагогикалық кадрлар.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13124 мұғалім (2018-2019 о.ж. – 11616) педагог жұмыс істейді, оның ішінде 11568 мұғалім (2018-2019 о.ж. - 11356). Педагогтардың жалпы санынан жоғары білімі бар мұғалімдердің саны – 112625 (2018-2019 о.ж. – 11356), бұл 85,8 % (2018-2019 о.ж. – 86 %) құрайды, арнайы орта біліммен – 1862, немесе 14,2 % (2018-2019 о.ж. – 1837, 13,9%), орта біліммен – 0 (2018-2019 о.ж. – 0 %).

Жаңа формат бойынша аттестаттау қорытындыларын ескере отырып жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 6630 адамды немесе 57,3% құрайды (2018-2019 о.ж. – 56%).

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 35 колледж (білім басқармасына қарасты 26 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22047 студент мамандық алуда.

2019-2020 оқу жылына 35 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5160 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4210 орынға; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 22 мемлекеттік колледжде 24 мамандық пен 27 біліктілік бойынша 950 орынға.

27 колледж аккредиттеуден өтті (21 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Рудный музыкалық, Рудный құрылыс және көлік, Рудный тау-кен, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық, Қазақстан агротехникалық, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері, 6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көпбейінді, Зерек колледждері).

Қазіргі таңда 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік, жалпы қамтуы 66% қамтиды.

 

Құрылыс және күрделі жөндеу.

2020 жылы облыстың білім беру саласында жалпы (ЖЖК, «Ауыл ел бесігі», МБ) 111 жоба іске асырылуда: 3 мектеп құрылысы (апатты №2 Аманқарағай орта мектебінің орнына 1 мектеп құрылысын аяқтау, «Юбилейный» шағын ауданындағы 1 200 орынға арналған 1 мектеп құрылысын жалғастыру және мемлекеттік тілде білім беретін апатты Қарасу НМ орнына 1 мектептің құрылысы, жалпы сомасы 13,8 млрд.теңгеге 31 нысанды, 77 нысанды күрделі жөндеу.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасына» барлығы 35 инфрақұрылымдық жоба енгізілді (оның ішінде Қарасу ауданы Қарасу ауылында 320 орынға арналған              1 мектептің құрылысы), жалпы қаржыландырумен 9,2 млрд.теңге, оның ішінде 4,5 млрд. теңгесі ішкі қарыз есебінен және 4,7 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен.

«Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үшінші бастамасы шеңберінде Қостанай қаласының колледжері (Костанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай автомомбиль көлігі колледжі) үшін 500 орынға арналған                             2 жатақхана салу жоспарланған.

Бүгінгі таңда әлеуметтік инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.

10.05.2020 жылға қарай Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін 498 мектептің немесе 100% кең жолақты Интернетке қолжетімділігі бар, оның ішінде 457 (91,8%) (84 қалалық және 373 ауылдық) 4 Мбит/с және одан да көп жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілді, 41 білім беру ұйымын 2020 жылы жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланған.

Мектепке дейінгі ұйымдарға өтініш беру мен кезектілікті автоматтандыру.

Облыстың 20 өңірі 2020 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді автоматтандыру бойынша шарт жасасты («Цифрлық трансформация орталығы» ЖШС, «IT Factory» ЖШС).

Мектептерге өтініштерді беруді автоматтандыру.

Облыстың 20 өңірі 2020 жылдың сәуір айында орта білім беру бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен шарт жасады («Цифрлық трансформация орталығы» ЖШС, «IT Factory» ЖШС).

 

 

 

 

Дата публикации
18 июня 2020