Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2020 жылғы қаңтар айына ақпарат
Білім беру желісіне 806 ұйым кіреді, соның ішінде 185 балабақша, 498 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 6 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп, 5 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 35 колледж (26 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 22 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 9 ұйым, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 45 қосымша білім беру ұйымы.
Мектепке дейінгі тәрбие.
2020 жылдың 1 қаңтарға қарай облыста 185 балабақша (1.01.2019 ж. – 190), оның ішінде 61 жекеменшік (1.01.2019 ж. - 61), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 396 шағын орталық (1.01.2019 ж. - 402) және 12 жекеменшік (1.01.2019 ж. - 12) жұмыс істейді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 91,2% құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,7%. 1.01.2020 жылға мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 17021 баланы (1.01.2019 ж. – 21314 бала) құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 12653 баланы, 3 жастан 6 жасқа дейін 2616 баланы құрайды.
Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр (1.01.2020 ж.): Қостанай қ.– 6980, Рудный қ. – 3721, Қостанай ауданы – 1658, Арқалық қ. – 822.
Жалпы орта білім беру
Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 515 мектеп, оның ішінде 498 (2017-2018 оқу жылы – 514, 2018-2019 оқу жылы – 504) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 6 – кешкі (2017-2018 оқу жылы – 6, 2018-2019 о.ж. – 6), 5 – жекеменшік (2017-2018 о.ж. – 4, 2018-2019 о.ж. – 4) мектеп.
Мемлекеттік тілде оқытатын 119 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 118-сы аралас мектеп.
Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 67 % (2017-2018 о.ж. – 68,3 %, 2018-2019 о.ж. – 68,7 %), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2017-2018 о.ж. – 17 бірл., 2018-2019 о.ж. – 19 бірл.).
Мектептері немесе тиісті үлгідегі мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алу мақсатында 2884 оқушыға (2017-2018 о.ж. – 2922 оқушы, 2018-2019 о.ж. – 2972 оқушы) 22 мектеп жанындағы интернатта тасымал ұйымдастырылды.
Қосымша білім беру.
Облыста 45 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту, оның ішінде спорт саласында, 106612 оқушыны немесе 98,8% құрайды. Облыста 64996 оқушыны немесе 60% қамти отырып 3951 үйірме және 41616 оқушы немесе 38,8% қамти отырып, жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беретін ұйымдарда 1663 спорт секциясы жұмыс істейді.
Жасөспірім тұлғасын әлеуметтендірудің негізгі факторы – бұл балалар мен жастар бірлестіктерінің қызметіне қатысу. Облыста балалар мен жасөспірімдер қозғалысымен қамтылған оқушылардың үлесі 72,4% құрайды.
Қостанай облысының білім беру ұйымдарында 174 әскери-патриоттық клуб пен 271 әскери-патриоттық үйірме жұмыс істейді. Осы ұйымдар Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау үшін түрлі іс-шараларды өткізеді.
Қорғаншылық пен қамқоршылық
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10159 бала (2018-2019 о.ж. – 10779), оның ішінде 9812-і оқуға жатады.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында 832 (2018-2019 о.ж. - 889) тәрбиеленуші, жалпы білім беретін мектептердің 129 арнайы сыныбында 941 оқушы (2018-2019 о.ж. – 1052) арнайы бағдарламалар бойынша оқиды.
12 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 622 балаға (2018-2019 о.ж. - 672) түзеу көмегі көрсетіледі, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 103 логопедиялық пункттерінде 2105 баламен (2017-2018 о.ж. –3008) сабақ өткізіледі.
327 мүгедек бала (2018-2019 о.ж. - 311) 1 сыныптан бастап 11 сынып аралығында жеке бағдарламалар бойынша оқиды, жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған балалардың саны 4404 (2018-2019 о.ж. – 5065) құрайды.
Облыста 2203 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (2018 ж. – 2338, 2019 ж. -2285) тұрады. Көрсетілген санаттағы балалардың жалпы санынан 1339 –і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2018 ж. – 1403, 2019 ж.-1353), 170-сі қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2018 ж. – 169, 2019 ж.-174); 23 – асырап алушы отбасыда, 671-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, оның ішінде 519-ы - 9 білім беру ұйымда, 63-і – 2 денсаулық сақтау ұйымында, 66 – әлеуметтік қорғау ұйымдарында (2018 ж. – 766, 2019 ж. -589).
Педагогикалық кадрлар.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13206 мұғалім (2018-2019 о.ж. – 13193) педагог жұмыс істейді, оның ішінде 11462 мұғалім (2018-2019 о.ж. - 11616). Педагогтардың жалпы санынан жоғары білімі бар мұғалімдердің саны – 11325 (2018-2019 о.ж. – 11356), бұл 85,7 % (2018-2019 о.ж. – 86 %) құрайды, арнайы орта біліммен – 1881, немесе 14,2 % (2018-2019 о.ж. – 1837, 13,9%), орта біліммен – 0 (2018-2019 о.ж. – 0 %).
Жаңа формат бойынша аттестаттау қорытындыларын ескере отырып жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 6550 адамды немесе 56,3% құрайды (2018-2019 о.ж. – 56%).
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 35 колледж (білім басқармасына қарасты 26 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22047 студент мамандық алуда.
2019-2020 оқу жылына 35 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5160 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4210 орынға; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 22 мемлекеттік колледжде 24 мамандық пен 27 біліктілік бойынша 950 орынға.
22 колледж аккредиттеу рәсімінен өтті (16 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі, Қостанай индустриалды-педагогикалық, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету, қостанай ауыл шаруашылығы, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К. Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледждер, 6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көп бейінді, Зерек колледждері).
Қазіргі таңда 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік, жалпы қамтуы 66% қамтиды.
Құрылыс және күрделі жөндеу.
Білім беру ұйымдарының құрылысына және қайта ұйымдастыруға 2020 жылы 1 869,9 млн. теңге сомасына республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер берілді. Осы қаражаттар келесі мақсаттарға бөлінді:
Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 320 орынға арналған мектептің құрылысын аяқтау – 104,4 млн.теңге, аяқтау мерзімі – 2020 жылдың тамыз айы;
Қостанай қаласының «Юбилейный» ықшам ауданында 1200 орынға арналған мектеп құрылысын жалғастыру – 1 743,0 млн. теңге, аяқтау мерзімі – 2021 жыл;
Қостанай қаласының «Қонай» ықшам ауданында 980 орынға арналған мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 22,5 млн. теңге, құрылысты бастау мерзімі – 2021 жыл.
Бұдан басқа 17 білім беру ұйымында жалпы сомасы 3 319,2 млн.теңгеге күрделі жөндеуді өткізу жоспарланған (оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджеттен 559,2 млн.теңгеге 3 мектеп).
59 ұйымда 654,1 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу көзделген. Сонымен қатар бюджеттік қаражаттың үнемделуіне қарай жыл ішінде ағымдағы жөндеумен қамтылған нысандардың саны арттырылатын болады.
«Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үшінші бастамасы шеңберінде Қостанай қаласының колледжері (Костанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай автомомбиль көлігі колледжі) үшін 500 орынға арналған 2 жатақхана салу жоспарланған.
Бүгінгі таңда әлеуметтік инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.
05.01.2020 жылға қарай Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін 498 мектептің немесе 100% кең жолақты Интернетке қолжетімділігі бар, оның ішінде 457 (91,8%) (84 қалалық және 373 ауылдық) 4 Мбит/с және одан да көп жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілді, 41 білім беру ұйымын 2020 жылы жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланған.
Мектепке дейінгі ұйымдарға өтініш беру мен кезектілікті автоматтандыру.
2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша жеткізушілер: «Центр цифровой трансформации» ЖШС (12 өңір – Алтынсарин, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Ұзынкөл, Федоров, Қостанай қ., Лисаков қ., Рудный қ.), «IT Factory» ЖШС (2 өңір – Қарасу және Сарыкөл) және «HANALI 2013» ЖШС (5 өңір – Амангелді, Әулиекөл, Қамысты, Қарабалық, Арқалық қ.), Б. Майлин атындағы аудан шартты 2020 жылдың сәуір айында жасауды жоспарлайды.
Мектептерге өтініштерді беруді автоматтандыру.
2020 жылы орта білім беру бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйелер жеткізушілері: «Центр цифровой трансформации» ЖШС (13 өңір – Алтынсарин, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров, Қостанай қ., Лисаков қ., Рудный қ.), ТОО «IT Factory» (1 өңір – Қарасу), «HANALI 2013» ЖШС (5 өңір – Амангелді, Әулиекөл, Қамысты, Қарабалық, Арқалық қ.), Б. Майлин атындағы аудан шартты 2020 жылдың сәуір айында жасауды жоспарлайды.