2023 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша білім басқармасында 2 бос орын: басшының орынбасары (тұрақты бос орын) және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (уақытша бос орын).
Ағымдағы жылдың ақпан айында жоғарыда аталған бос лауазымдарға ішкі конкурстар жарияланды. Жарияланған бос орынға қатысқан кандидаттардың болмауына байланысты басшының орынбасарының бос лауазымына конкурс өткізілген жоқ. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының ішкі конкурсына әңгімелесу 2023 жылғы 28 ақпанда өтті, конкурстық комиссияның шешімі бір жұмыс күні ішінде жарияланады.