Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ – педагог - психолог бос лауазымына конкурс жариялайды, жұмыс – тұрақты, хабарландыру - 20.02.2023 ж берілді.
Мекен-жайымыз: Қостанай қ, Баймағамбетов көшесі 1, 110011, қабылдау бөлімі - 222939, электронды адрес - ODU_kostanay@mail.kz.
Лауазымдық міндеттері:
оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының дамуына кедергі келтіретін факторларды айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық)көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық проблемаларды шешуде көмек көрсетеді;
әртүрлі бейіндегі және арналымдағы психологиялық диагностиканы жүргізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму проблемаларына педагогикалық ұжымды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
тәрбиеленушілерді отбасына орналастыруға дайындығын анықтау үшін жеке консультациялық-диагностикалық жұмысты, психологиялық даярлауды жүргізеді;
тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлануға дайындығын және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін дамытуға ықпал етеді;
шығармашылық дарынды тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
құқық бұзушылықтардың, буллингтің, суицидтердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
тәрбиеленушілердің даму деңгейін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуын диагностикалайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша консультация береді;
педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасында көзделген басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Жұмыскердің актілеріне сәйкес белгіленеді.
Қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лауазымдар тізіміне және жұмыс өтіліне сәйкес 136 466 (жүз отыз алты мың төрт жүз алпыс алты) теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы белгіленеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог - сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі, құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Құжаттар тізімдемесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Хабарландыру берілген күннен бастап 7 күн ішінде құжаттар «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.