Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы санынан үлесі туралы мәліметтер

 2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы санынан үлесі» облыстық көрсеткіш 18,1% құрайды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің санын азайту қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың осы санаттағы балаларды отбасына қабылдауға тілек білдірген үміткерлер арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуі, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Отбасын қолдау қызметі, Балаларды қабылдайтын ата-аналар мектептерінің қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл көрсеткіштің төмендеуі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және осы санаттағы жаңадан анықталған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиеге, асырап алуға беру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

 

 

Дата публикации
08 декабря 2022