"Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі" көрсеткішіне қол жеткізу облыстың жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерінде жергілікті атқарушы органдармен: кедергісіз қол жеткізу, мамандармен жасақтау және тиісті материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бүгінгі таңда 415 немесе 91% мектептерде инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған.
Мәселен, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішке облыстың инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған жалпы білім беретін мектептерінің санын 455 білім беру ұйымына дейін ұлғайту жолымен қол жеткізілетін болады.