Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар

кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған

мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

 

 

Облыс әкімі                                                                          Қ. Ақсақалов



Дата публикации
09 января 2023