Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Студенттік көктем – 2022» облыстық фестивалінің БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

 Өтетін уақыты: 2022 жылғы 20 мамыр, сағат 10:00

Өтетін орны: «Золотой фазан» қонақ үйі (Р-38, 3 шақырым, КЖБИ-Мичурино тас жолы)

20 мамыр күні сағат 10: 00 - де Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (32 колледж) студенттері арасында «Студенттік көктем-2022» облыстық фестивалінің ашылуы өтеді.

Патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие үшін, жастардың                     қарым-қатынасы мен тәжірибе алмасуы үшін жағдай жасау, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандарын жетілдіру мақсатында фестиваль бағдарламасына: «Студенттік көктем-2022» фестивалінің ашылу салтанаты, марш-лақтыру, әскери-спорттық эстафета, би батл және колледждердің гала-концерті кіреді (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін).  Іс-шара қорытындысы бойынша бағдарламаның жекелеген түрлерінен жеңімпаздар анықталатын болады.

БАҚ өкілдерін Қостанай қаласы, «Золотой фазан» қонақ үйі      мекенжайы бойынша «Студенттік көктем-2022» облыстық фестиваліне қатысуға шақырамыз.

Байланыс деректері: Жаинбаева Айнур Габдулкаримовна, 8 -701- 855-87-52; Анненков Егор Анатольевич, тел: 87471324249.

Дата публикации
18 мая 2022