2022 жылдың қаңтар-қараша айларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

2022 жылдың қаңтар-қараша айларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

 

Білім беру

Қостанай облысында жалпы саны 30 108 баланы қамтитын 541 мектепке дейінгі ұйым (оның ішінде мемлекеттік -463, 22 025 бала, жекеменшік-78, 8083 бала) жұмыс істейді. Оның ішінде 23 472 баланы қамтитын 188 балабақша (оның ішінде мемлекеттік-117, 15 622 бала, жекеменшік - 71, 7 850 бала), 6 636 баланы қамтитын 353 шағын орталық (мемлекеттік-346, 6 403 бала, жекеменшік-7, 233 бала).

Кезекте 0-ден 6 жасқа дейінгі 9 703 бала тұр (ең жоғары кезектілік Қостанай қ-да-3 860 бала, Рудный қ-да-2 308 бала, Қостанай ауданында-785 бала). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,7% құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,9%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы жұмыс істеп тұрған жеке меншік балабақшалардағы орындарды кеңейту есебінен 138 орын пайдалануға берілді (Қостанай қ.-116 орын: «Диами» ЖШС-36 орын,  «Солнышко» ЖШС-60 орын,  «Sweet baby» ЖШС-20 орын.  Рудный қ.  «Ромашка» ЖШС-22 орын). Сондай-ақ, мектептер жанынан 60 орындық 2 шағын орталық ашылды.

Қостанай облысында 468 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 455 күндізгі мектеп (оқыту қазақ тілінде - 112, оқыту орыс тілінде - 228, аралас – 115), 5 кешкі, 8 жекеменшік.

Оқушылар контингенті 113 027 құрайды, оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 111 896, жекеменшік мектептерде – 1 131 оқушы (мемлекеттік тілде білім алатын-30 400 бала немесе 26,9%, орыс тілінде білім алатын-82 627 бала немесе 73,1 %).

PISA-2018 нәтижелері бойынша Қостанай облысының білім алушылары оқу сауаттылығы бойынша Республикада 4-ші орын алады - 417 балл (ҚР-387), математикалық сауаттылық бойынша 3 орын - 448 балл (ҚР-423), ғылым бойынша 3 орын - 417 балл (ҚР-397). 2022 жылға жоспар: математикадан-447 балл, оқу бойынша-459 балл, жаратылыстану бойынша-440 балл.

2022-2023 оқу жылында облыс мектептерін бітірушілер саны - 4 259 (жалпы білім беретін мектептерде – 4 081 білім алушы, кешкі мектептерде - 162, жекеменшік мектептерде – 16). «Алтын белгі» иегерлерінің саны 2022 жылы - 137 оқушы, үздік аттестатпен бітіргендер – 270 (2021 ж. «Алтын белгі» төсбелгісін иеленгендер- 221, үздік аттестатпен – 244).

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 12 323 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 2018 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан 8 201 адам немесе 66,5% өтті («Педагог-шебер» – 109 адам (0,9%), «Педагог-зерттеуші» –2 239 адам (18,2%), «Педагог-сарапшы» – 3 032 адам (24,6%),  «Педагог-модератор» – 2 821 адам (22,9%).

       Бұдан бөлек, 7 жекеменшік мектепте 101 мұғалім жұмыс істейді, жаңа жүйе бойынша 29 адам аттестаттаудан өтті («Педагог-шебер»-0,  «Педагог-зерттеуші» – 8 адам (7,9%),  «Педагог-сарапшы» – 8 адам (7,9%),  «Педагог-модератор» – 13 адам (12,8%).

2022 жылдың қазан айының соңында біліктілікті арттыру курстарынан өтті: 4 036 педагог, оның ішінде 3 883 педагог офлайн режимінде оқудан өтті және 166 педагог онлайн режимінде өтті (ЧУ «Педагогикалық шеберлік орталығы» бағдрламалары бойынша: 1 394 педагог,   «Өрлеу» БАҰО» АҚ: 2 315 педагог,  «Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты» КЕАҚ: 153 педагог, 222 бюджеттік бағдарлама бойынша ҚР Білім беру жүйесінің басшы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың республикалық институты: 150 педагог, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ: 24 педагог).

Облыста балаларды қосымша біліммен қамту 73,3% немесе 81 044 баланы құрайды, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш-76,7% құрайды (РК-75,5%).

Қосымша білім беру ұйымдары - 47, оның ішінде 46 мемлекеттік (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының сарайлары, үйлері, орталықтары – 20, өнер мектептері – 9, музыка мектептері – 7, көркемөнер мектептері – 3,  хореогр. мектептер –1, тех. шығармашылық мектептері – 1, аула клубтары – 1, оқу-әдістемелік орталықтары–4), 1 жекеменшік (Русин атындағы көркемөнер мектебі) 37 мыңнан астам баланы қамтиды.

Облыста мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылған. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 14 мыңға жуық бала (13 816) тегін үйірмелер және секциялармен қамтылды (биыл спорт басқармасына мемлекеттік спорттық тапсырысқа 818 млн. теңге бөлінді, ағымдағы кезеңде 6002 Ваучер іске қосылды (2021 ж.-196 216,0 млн.тг  5024 орынға), мәдениет басқармасына 682,0 млн. теңге бөлінді, ағымдағы кезеңде 7814 Ваучер іске қосылды (2021 ж. - 141,7 млн.тг  3800 орынға).

Қостанай облысында 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі - ПМПК) және 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді (бұдан әрі - ППТК).

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар - 9 684 (оның ішінде 7 988 мектеп жасындағы балалар, 1 696-мектепке дейінгі жастағы), оның ішінде  2 018 мүгедек балалар.

Тексерілген балалардың жалпы саны 5 жыл ішінде 1 086 балаға немесе 10,1%  азайды, (10 770-тен 9 684-ке дейін), алайда, эмоционалды-ерік-жігері бұзылған балалардың саны (соның ішінде аутизм) 5 жыл ішінде 68,3% - ға немесе 265 балаға өсті ( 123-тен 388-ге дейін).

ППТК-не бір жыл ішінде орта есеппен 600 бала барады, оңалту курсының ұзақтығы кемінде 3 айды құрайды. 152 мүгедек бала және аутизммен ауыратын 46 бала түзету кабинеттерінде түзету қолдауын алады.

Бүгінгі таңда 415 немесе 91% мектептерде (2022 жылға жоспар-84%,  ҚР -85%),  149, немесе 79% мектепке дейінгі ұйымдарда (2022 жылға жоспар-79%,  ҚР -45%), 19, немесе 56% (2022 жылға жсопар-56%,  ҚР-55%) колледждерде инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған .

Облыстың 377 мектебінде 3 846 бала инклюзивті білім берумен қамтылған (2020 ж.-4 078 бала,  2021 ж.-3 885), бұл оқытылатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санының 50,4% құрайды (2021 ж.-50,2%).

Ыңғайлы кеңістікті құру үшін 2019 жылдан бастап облыста балалардың әртүрлі қажеттіліктерін ескеретін және стандартты емес сабақтарды өткізуді қамтамасыз ететін базалық жабдықтармен жабдықталған инклюзияны қолдау кабинеттері ашыла бастады.

Қазір облыста инклюзияны қолдаудың 7 кабинеті (Қостанай қ. № 8, 17, 27, 29 ОМ жанында, Рудный қ. №17 ОМ жанында, Қарасу ОМ, сарыкөл ауданының Урицк  № 1 ОМ   жанында) және 2 ресурстық орталық жұмыс істейд ( Қостанай қ. №27 ОМ жанында және Арқалық қ.  №6 ОМ жанында).

Ағымдағы жылдың соңына дейін инклюзияны қолдаудың тағы 7 кабинетін ашу жоспарлануда (Қостанай қ., Рудный қ., Жітіқара ауданы, Мендіқара ауданы, Амангелді ауданы, Б. Майлин ауданы). Осылайша, облыста 14 ИҚК жұмыс істейтін болады.

2023 жылға тағы 5 ИҚК ашу жоспарланған: Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық ауданыдарында және   Лисаков қ.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Аманат және К» балаларды дамыту орталығында 100 балаға арналған түзету тобы ашылады (оның ішінде аутизі бар балалар да баратын болады).

Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарының желісі 34 оқу орнын құрайды, оның ішінде 25 мемлекеттік, 7 жекеменшік және  2 денсаулық сақтау басқармасының ведомствосында.

Білім алушылар контингенті 22 392 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 17 128 немесе 76%  адам оқиды (2021 - 2022 оқу жылы – 16 509, 72%).  Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 482 орынға ұлғайып 6 134 құрады.

Колледждерде 1 936 педагог қызмет атқарады, оның ішінде жоғары және бірінші санатты  39% (759 адам), педагогикалық шеберлік біліктілігімен 13,6% (263 адам). 2021-2022 жылдың басында 110 адам курстан өтті және 455 адам жылдың соңына дейін өтеді (2020-2021 оқу ж. – 1500).

ТжКБ ұйымдарында оқыту 83 мамандық бойынша мынадай бағыттарда  жүргізіледі: ауыл шаруашылығы, құрылыс, педагогика, медицина, қызмет көрсету саласы, мәдениет және өнер мамандықтары, энергетика, автокөлік құрылысы технологиясы, көлікті пайдалану және т.б.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі түлектерінің контингенті 2022 жылы 6 617 адамды құрады (2021 ж.-6 690), оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 4 536 адам (2021 ж.-4 826). Жұмыспен қамтылғандардың үлесі 4 925 адамды немесе 74,5% құрады, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3 356 немесе 74%.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласында барлығы 337 адам қабылданды (2014-2015 оқу жылдарында қабылдау 100 адамды; 2015-2016 оқу ж-да-150 адамды; 2016-2017 оқу ж-да - 50 адамды; 2017-2018 оқу ж-да-12 адамды, 2019-2020 оқу жылында-25 адамды құрады).  

Облыстың 30 колледжінде оқыту дуальді жүйе бойынша жүргізіледі, бұл олардың жалпы санының 88% құрайды. Оқыту мен тәжірибе тығыз кіріктірілген осы қағида бойынша 30 мамандық және 40 біліктілік бойынша 3 810 білім алушы білім алады (мемлекеттік тапсырыс бойынша - 3 768, 98,8%).

Дуальды білім берудегі әлеуметтік серіктестер - 180 кәсіпорын, кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы 189-дан астам шарт жасалды, өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2 139 үшжақты шартты тіркеді және тізілімге орналастырды.

 

 

 

 

Дата публикации
17 ноября 2022