МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін және бюджеттен және (немесе) мемлекеттік қолдау шараларынан сұратылатын төлемдерді көрсете отырып, Рудный қаласында МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама
2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР заңының 44-бабына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ әлеуетті жекеше әріптестің Рудный қаласында 280 орындық балабақшаны қайта құру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі мәлімделген техникалық-экономикалық параметрлері, бюджеттен сұратылатын төлемдер және мемлекеттік қолдау шаралары:
МЖӘ мүмкін болатын объектісі ретінде жалпы алаңы 3786 м2, негізгі алаңы 1742,8 м2 жертөлесі бар жеке тұрған екі қабатты ғимарат (бұрынғы балабақша ғимараты), жалпы алаңы 56,2 м2, негізгі алаңы 48,9 м2 жертөлесі бар жеке тұрған бір қабатты ғимарат (қойма ғимараты), алаңы 0,3955 Га мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы болжанады.
Мектепке дейінгі білім берудің МЖӘ объектісін пайдалануға енгізу әлеуетті жекеше әріптестің 70% мөлшеріндегі қаражатын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады, мемлекеттік әріптес реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды бастауға жобаның жалпы құнының 30% мөлшерінде қоса қаржыландыру түріндегі қаражатпен қамтамасыз етеді. МЖӘ объектісін пайдалануға бергеннен кейін жекеше әріптес МЖӘ объектісін басқарады, МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аралығында балабақша ғимаратына техникалық қызмет көрсетеді. МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін МЖӘ объектісі мемлекеттік әріптестің теңгеріміне берілетін болады.
Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 138-тармағына сәйкес жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсыныс береді.
Жекеше әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерге өтінім мыналардан тұрады:
Әлеуетті жекеше әріптес конкурсқа немесе жекеше әріптесті анықтау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу үшін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабының 1-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы осы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде балама ұсыныстар қабылдайды. Балама ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі - 2022 жылғы «16» қазан сағат 15: 00-ге дейін қоса алғанда.
Ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, Қостанай қ. Гоголь көшесі 75, 113 кабинет, 8(7142) 390-798, жауапты тұлға –Ержан Нұрланұлы Құрманбаев. Анықтамалық ақпаратты «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нен 8(7142) 390-798 телефоны бойынша, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нен 8 (7142) 391-097 телефоны бойынша алуға болады.