«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

                                                      «БЕКІТЕМІН»

                                                             «Қостанай облысы

                                                           әкімдігінің білім

басқармасы» ММ басшысы

                                                                                     ______________В.Цымбалюк

                                                                                  «04» қантар 2020 ж.

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    • Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады.

 

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: Азаматтарға техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ету.

Функциялар:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мәселелеріне байланысты облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау және келістіру;
  • Техникалық және кәсіптік оқу орындарының құрылымы мен желісін өзгерту, білім беру мазмұны мен кәсіптік даярлық сапасын өзгерту жөнінде ұсыныстар еңгізу;
  • Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау үшін қажетті жағдайларды жасау.

 

  1. Міндет: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының орындалуын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиімділігін талдау;

2) колледждердегі оқу-тәрбиелік үдерістің мониторингін жүргізу;

3) колледждердегі материалды-техникалық базаның нығаюы бойынша ұсыныстар еңгізу;

4) облыс колледждерінің оқу-өндірістік және шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуында әдістемелік көмек көрсету;

5) облыс колледждерінің студенттерін тегін ыстық тамақтандыратын ұйымдардың мониторингін жүргізу;

6) Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және еңбек органдарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестікті дамытуды үйлестіру және жәрдемдесу бойынша жұмыс;

 

  1. Міндет: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру.

Функциялар:

  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кәсіптік даярлау бейіндерін өзгерту жөнінде ұсыныстар еңгізу.
  • Колледж білім алушыларын қабылдау, шығару және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру;
  • мамандарды даярлауды ұйымдастыруға қатысты салалық басқармалармен, Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс.

 

  1. Міндет: техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету.

Функциялар:

  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын жаңа нормативтік-құқықтық актілермен, қолданыстағы НҚА-ға еңгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен уақтылы таныстыру;
  • жетекші мәселелер бойынша семинарлар ұйымдастыру және өткізу.

 

  1. Міндет: мемлекеттік органдармен байланыс орнату.

Функциялар:

  • бөлім жұмысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық әкімдікке, облыстық мекемелерге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпарат, анықтамалар мен анықтамалар ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігіне ақпараттар, анықтамалар мен есептерді дайындау.

 

  1. Міндет: іс жүргізу, электронды құжатайналымын қамтамасыз ету.
  • Іс номенклатурасына сәйкес іс жүргізу;
  • Электронды құжатайналымын жүзеге асыру;
  • Білім басқармасының коллегиясына бұйрықтар мен ақпараттардың жобаларын дайындау;
  • білім беру қызметкерлерінің, ата-аналардың хаттарын, өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қарау, Бөлім жұмысының құзыретіне кіретін олардың негізделген өтініштері мен заңды талаптарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау.

 

  1. Міндет: Кәсіптік лицейлер колледждердің тәрбие жұмыстарының мониторингін өткізу.

Функциялар:

  • Тәрбие жұмыстарына қатысты қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат дайындау;
  • Колледж кітапханаларының жұмысын үйлестіру;
  • үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен, кәсіпорындармен, әлеуметтік әріптестермен мемлекеттік бағдарламаларды және өткізілетін тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу және үйлестіру бойынша өзара іс-қимыл жасау.

 

  1. Құқықтар:

 

  • Білім басқармасы басшылығы шешімдерінің жобаларымен танысу;
  • тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
  • бөлім міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен кедергісіз танысуға;
  • еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
  • жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде, мекеме қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар еңгізуге;
  • өз құзыретінің шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою;
  • бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссия мүшесі болу;
  • бөлімнің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында облыстық әкімдікпен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

 

  1. Міндеттер:

 

  • өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;
  • мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
  • өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға және қызметтік әдептің белгіленген нормаларын сақтауға;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;
  • қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттерге.

 

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларымен) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына, Бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
  2. Бөлімді білім басқармасы басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Қызметке тағайындалу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы білім басқармасының басшылығына бөлім қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынады.
  5. Осы мақсатты көздей отырып, басшы:
  • Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;
  • Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді анқтайды;
  1. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға бағытталатын құжаттарға Білім басқармасының басшысы, бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.

 

 

 

____________________________________________

 

 

Дата публикации
13 сентября 2022