«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

«БЕКІТЕМІН»

«Қостанай облысы

                                                           әкімдігінің білім

басқармасы» ММ басшысы

                                                                                     ______________З. Байменова

                                                                                  «» ______ 2022 ж.

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ

құқықтық қамтамасыз ету бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын, ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 Еңбек кодексін, «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, бөлім функциялары мен міндеттеріне тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады.

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: Білім басқармасы мен оның бөлімдерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • Облыстық білім беру мекемелері арасында Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік актілері бойынша кеңес, келісу және анықтамалық-ақпарат жұмысын жүргізеді;
  • басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың жобаларын және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды (жарғылар, ережелер, қағидалар) әзірлеуге көмек көрсетеді, заңнамаға сәйкес заңдық ресімдеуді қамтамасыз етеді;
  • Қостанай облысы әкімдігінің қаулы жобаларын дайындайды;
  • Бұйрық жобаларын, шарттарды, келісімдерді, құқықтық сипаттағы өзге құжаттардың жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
  • Басқарманың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді.
  1. Міндет: мемлекеттік органның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытынды дайындауды ұйымдастыру.

Функциялар:

1) басқарма басшысына бұрыштама қоюға ұсынылатын, бөлімдерден, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келісуге келіп түсетін бұйрықтар, қаулылар жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

  1. Міндет: сотта және басқа да мемлекеттік органдарда Білім басқармасының мүліктік және өзге заңды құқықтар мен мүдделерін құқықтық қорғау.

Функциялар:

  • тексерушілердің процестік әрекеттерді сақтауын, тексерушілер тұжырымдарының негізділігі мен дұрыстығын, тексерулер нәтижелерін ресімдеуді және процестік құжаттарды жасауды құқықтық бақылау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының басқармада жүргізетін тексерулер кезінде Басқарманың мүдделерін білдіреді;
  • сотта және өзге органдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Басқарманың, Басқарма басшысының, Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді.
  1. Міндет: Басқарманың қызметін реттейтін, қабылданған нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастырады.

Функциялар:

1) облыстық білім беру ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерден келіп түсетін құқықтық жұмыс туралы ақпаратты және өзге де материалдарды талдайды;

2) бөлімнің жұмыс құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды.

  1. Міндет: мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру.

Функциялар:

  • Қостанай облысы әкімінің аппаратына мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша ай сайынғы есептерді әзірлеу;
  • Басқарма басшысының бұйрығымен бекітілген Бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу.

 

  1. Құқықтар мен міндеттер

 

  1. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің:

1) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына тиісті мәселелер бойынша қызметті жақсарту, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін еңбек жағдайлары жақсарту және материалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қоюға және бұрыштама қоюға;

3) мемлекеттік орган басшысынан атқарып жатқан лауазымға сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін нақты айқындауды талап етуге;

4) басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпарат пен құжаттар алуға;

  • Мемлекеттік органның жұмысы үшін құрылатын тұрақты (уақытша) комиссиялардың мүшелері болуға;
  • Басқарманың қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілікті арттыруға;
  • Қызметшінің пікірі бойынша негізсіз айыптаулар болған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
  • Ұйымдарға, облыс мекемелеріне, сондай-ақ орталық уәкілетті органдарға түсіндіру және консультациялық көмек алуға жүгінуге құқығы бар;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар.
  1. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері:

1) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

2) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

3) заңмен белгіленген шектеулерді қабылдауға және орнатылған қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

4) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге міндеттер.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді білім басқармасы басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Қызметке тағайындалу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  3. 3. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы білім басқармасының басшылығына бөлім қызметінің тиімділігі жөнінде ұсыныстар береді.

Осы мақсатта бөлім басшысы:

  • Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Білім басқармасының басшысы, басшы болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

 

 

 

____________________________________________

Дата публикации
13 сентября 2022