«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

                                                      «БЕКІТЕМІН»

                                                             «Қостанай облысы

                                                           әкімдігінің білім

басқармасы» ММ басшысы

                                                                                     ______________В.Цымбалюк

                                                                                  «04» қантар 2020 ж.

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ

Мектепке дейінгі және жалпы орта  білім беруді дамыту бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы» «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» қаулысын, Қазақсатн Республикасындағы Білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, дарында балаларға арналған мамандандырылған мектептердің Ережесін, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады.

 

  1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: мектеп білімінің қолжетімділігі.

Функциялар:

  • Білім беру ұйымдары желісінің дамуын талдау ( қайта ұйымдастыру, ашылу, жабылу): күндізгі және кешкі (ауысымды) мемлекеттік мектептер, мемлекеттік емес мектептер;
  • Шағын жинақталған мектептердің, инновациялық білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары дамуының мониторингі.
  • мектептері немесе тиісті үлгідегі мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушыларды оқытуды ұйымдастыру мониторингі;
  • білім беру ұйымдары білім алушыларының контингентін жинақтау мониторингі;
  • Негізгі орта білім және жалпы білім білімі бар түлектердің жұмысқа орналасу мониторингі, білім беру гранттарын тағайындау мониторингі;
  • Дарынды балаларға арналған мектеп-интернеттары білім алушыларының (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, дарынды балаларға арналған ОЗАТ мектеп-интернаты, дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицей-интернаты) оқу үлгерімі мен білім сапасының мониторингі;
  • Боровской санаторлық мектеп-интернаты оқушыларының оқу үлгерімі мен білім сапасының мониторингі;
  • Облыстың кешкі (ауысымды) жалпы білім беретін мектептері қызметінің мониторингі;
  • Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тапсырысын қалыптастыру, уақытылы оқулықтармен қамтамасыз ету;
  • Мектеп кітапханалары қызметінің мониторингі.

 

  1. Міндет: Жалпы білім беруді қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) балалардың орта білім алуға конституциялық құқықтарын іске асыру; мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамтуды қамтамасыз ету бойынша білім бөлімдері қызметінің мониторингі;

2) Білім беру ұйымдары оқушыларының қозғалысына мониторинг жүргізу;

3) Жалпы білім беруді қамтамасыз ету және мектеп құжаттарын жүргізу жөнінде практикум-кеңестерді өткізу.

 

  1. Міндет: оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы мен аяқталуы.

Функциялар:

  • оқу жылының басталуы мен аяқталуы бойынша оқыту семинарларын өткізу, оқу жұмысының қорытындыларын талдау; жаңа оқу жылының басына статистикалық және әкімшілік есептерді ұсыну;
  • оқушылардың қорытынды және аралық аттестацияларын ұйымдастыру жөніндегі семинарлар өткізу;
  • 1 – ші , 10 – шы сыныптарға білім алушыларды қабылдау және 9-шы, 11-ші сынып түлектерінің жұмысқа орналасу мониторингі;
  • Негізгі орта және жалпы орта білім түлектерін қорытынды аттестаттау мониторингі;
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалу мониторингі;
  • Денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, негізгі орта және жалпы орта білім беру түлектерін қорытынды аттестаттаудан босатудың мониторингі;
  • негізгі орта және жалпы орта білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  • «Алтын белгі» аттестатына, «үздік» аттестатқа үміткерлердің құжаттарын тексеру жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  • жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларын аралық және қорытынды аттестаттаудың; оқушылардың оқу пәндері бойынша үлгерімі мен білім сапасының мониторингі;

 

  1. Міндет: сапалы білім беру қызметін ұсыну бойынша білім беру бөлімдерінің қызметін бағалау.

Функциялар:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беретін оқу бағдарламаларын (жалпы білім беретін, оның ішінде кешкі (ауысымдық)мектептер) орындау бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау;
  • білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын дайындау мен өткізуді, негізгі орта және жалпы орта білім беру түлектерінің білім сапасын талдау;
  • «Қостанай дарыны» РҒПО бірлесе отырып, оқушылар олимпиадасының 1, 2, 3 турларын өткізуді қамтамасыз ету; оқушылардың ғылыми жобаларының облыстық жарыстарын өткізу;
  • Оқушылардың Халықаралық зерттеулерін өткізу үшін жәрдемдесу;
  • Бөлімге мәселелеріне қатысты есептіліктің жай-күйін талдау.

 

  1. Міндет: ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментімен, облыстық әкімдікпен және облыстық мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнату.

Функциялар:

  • 2016-2019 жылдарға арналған ҚР БҒДМБ іске асыру, «Білім туралы» ҚР Заңын, ҚР МЖБС орындау, 12 жылдық оқытуға көшу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ақпарат ұсыну;
  • Бөлім функцияларының ай сайынғы, жылдық есептерін ұсыну;
  • Алқада жетекші мәселелерге қатысты ақпараттарды ұсыну (қажетті жағдайда);
  • білім беру қызметкерлерінің, ата-аналардың хаттарын, өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қарау, Бөлім жұмысының құзыретіне кіретін олардың негізделген өтініштері мен заңды талаптарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау.
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

 

  1. Міндет: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің қолжетімділігі.

Функциялар:

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдары желісінің дамуын талдау (қайта ұйымдастыру, ашылу, жабылу, қалпына келтіру): мемлекеттік және мемлекеттік емес;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің контингентін жинақтау мониторингі;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуын талдау.

 

  1. Міндет: мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз ету.

Функциялар:

  • 0 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен қамтамасыз ету мониторингі;
  • 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету мониторингі;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуының мониторингі.

 

               Құқықтар мен міндеттер:

 

  • Білім басқармасы басшылығы шешімдерінің жобаларымен танысу;
  • тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
  • бөлім міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен кедергісіз танысуға;
  • еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
  • жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде, мекеме қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар еңгізуге;
  • бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссия мүшесі болу;
  • бөлімнің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында облыстық әкімдікпен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • бөлім мамандарының еңбек тәртібін сақтауы;
  • басқарма басшысының және оның орынбасарларының өкімдерін, тапсырмаларын уақытылы орындауды қамтамасыз ету;
  • бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар дайындауға қатысу;
  • бөлім туралы бекітілген Ережеге сәйкес бөлім мамандарының лауазымдық міндеттерін бекітуге ұсыну.

 

 

  1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларына),Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына, Бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
  2. Бөлімді білім басқармасы басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Қызметке тағайындалу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  • Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
  • Бөлім басшысы білім басқармасының басшылығына бөлім қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынады.
  • Осы мақсатты көздей отырып, басшы:

-   Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;

        - Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді анқтайды;

  1. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға бағытталатын құжаттарға Білім басқармасының басшысы, бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.

 

 

 

____________________________________________

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2022