«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ кадр жөніндегі бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

                                                     «БЕКІТЕМІН»

                                                             «Қостанай облысы

                                                           әкімдігінің білім

басқармасы» ММ басшысы

                                                                                     ______________В.Цымбалюк

                                                                                        «04» қантар 2020 ж.

 

 

                                                                                                   

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ

кадр жөніндегі бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Кадр жөніндегі бөлім (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, 2015 жылғы 23 қараша күнгі № 414 ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Кадр жөніндегі бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

2.Бөлімнің негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

1. Міндет: мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің қызметкерлерді басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

        Функциялар:

1) мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің қызметкерлерді басқару стратегиясын іске асыру;

2) мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің қажеттіліктерін, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша талдау және жоспарлау;

3) Мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің кадрлық құрамын қалыптастыру және мемлекеттік органның, облыстық білім беру ұйымдарының конкурстық іріктеуін ұйымдастыру.

4) мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалалардың білім бөлімдерінің кадрларына мониторинг жүргізу, кадрлық іс-жүргізу, оның ішінде «Е-қызмет» қызметкерлерді басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы.

  1. Міндет: мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің қызметкерлерді басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтен өтуді қамтамасыз ету;

Функциялар:

1) мемлекеттік органда, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінде кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік органның, сондай-ақ аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;

3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметке кіру, өту және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  1. Міндет: мемлекеттік органның корпоративтік мәдениетін қалыптастыру және жағымды әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

         Функциялар:

1) мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар еңгізу;

  1. Міндет: мектепке дейінгі және жалпы орта білім, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру, қосымша білім беру салаларында кадрлық саясат жұмыстарын жүргізу.

Функциялар:

1) Қостанай облысының білім беру ұйымдарында кадр қажеттілігі бойынша педагог кадрларының сапалық құрамы жөнінде статистикалық есеп дайындау.

2) Қостаннай облысының бастауыш, негізгі орта мектеп, орта, техникалық және кәсіптік білім беру , сондай-ақ мамандандырылған және қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету және біліктілігін арттыру;

3) мемлекеттік орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, мамандандырылған және қосымша білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін  құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;

4) мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру, арнайы және мамандандырылған білім беру мекемелерінің басшыларының лауазымдарына орналасу бойынша конкурс өткізу.

  1. Міндет: іс жүргізуді, электрондық құжатайналымын қамтамасыз ету.

Функциялар:

1)       іс номенклатурасына сәйкес іс жүргізу.

2) электрондық құжатайналымын жүзеге асыру;

3) Білім басқармасының коллегиясына ақпараттар пен бұйрықтардың жобаларын дайындау;

4) білім беру қызметкерлерінің, ата-аналардың хаттарын, өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қарау, Бөлім жұмысының құзыретіне кіретін олардың негізделген өтініштері мен заңды талаптарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау.

  1. Кадр жұмысы жөніндегі бөлім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында анықталатын қызметкерлерді басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Бөлімге оның қызметіне қатысы жоқ қосымша функциялар мен міндеттер жүктелмейді.
  3. Бөлім Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік қызмет саласындағы актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  4. Кадр жөніндегі бөлім:

1) Мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен өзіне заңмен және осы үлгі Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Кадр жөніндегі бөлім мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.
  2. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституцияына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
  3. Бөлімді білім басқармасы басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Қызметке тағайындалу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  4. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы Бөлім басқармасының басшылығына бөлім қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынады.
  6. Осы мақсатты көздей отырып, басшы:

1)       Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2)       Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға бағытталатын құжаттарға Білім басқарамасының басшысы,бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.

 

 

         __________________________________________________________

 

Дата публикации
13 сентября 2022