«БЕКІТЕМІН»
«Қостанай облысы
әкімдігінің білім
басқармасы» ММ басшысы
______________В.Цымбалюк
«04» қантар 2020 ж.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ
Ақпараттық – талдау жұмысы бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» қауылысын, бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады.
- Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндет: баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет жасау (бұдан әрі - БАҚ).
Функциялар:
- облыста жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының деректер базасын қалыптастыру;
- Облыстың білім беру саласын дамыту тақырыбын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің деректер базасын қалыптастыру.
- Міндет: басқарманың, басқарма басшысының қызметін БАҚ-та және облыс әкімдігінің, басқарманың ресми ғаламтор-ресурсында жариялау:
Функциялар:
1) Білім беру саласындағы маңызды іс-шараларды медиа-жоспарлау;
2) БАҚ-на баспасөз шығарылымдарын дайындау және жіберу;
3) Ресми ғаламтор-ресурстарында ақпараттық және аналитикалық мәліметтерді дайындау және орналастыру.
- Міндет: БАҚ - ның жарияланымдары, теледидар бағдарламалары бойынша білім беру саласын дамыту мәселелеріне қатысты материалдарды іріктеу.
Функциялар:
1) Ақпараттық ғаламтор-ресурстары мен баспа және электрондық БАҚ-ғы жарияланымдардың мониторингі мен талдауын жүргізу;
2) БАҚ-да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен теріс жарияланымдар бойынша жұмыс жүргізу.
отработка негативных публикаций в СМИ с заинтересованными структурными подразделениями, подведомственными организациями.
- Міндет: ақпараттық-талдау материалдарын, басқарма басшысының сөйлеу сөздері мен баяндамаларын, анықтамаларды, БАҚ-на жариялау үшін мақалалар мен жазбаларды дайындау.
Функциялар:
- білім басқармасының басшысына облыстағы білім беру саласының дамуы жайында ай сайынғы талдамалық ақпаратты дайындау;
- білім беру саласын дамытудың барлық бағыттары бойынша ақпарат жинау және басқарма басшысының ресми баяндамаларын, сөйлейтін сөздерін дайындау;
- материалдарды жалпылау, білім беру саласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін ай сайын жаңарту, есептерді дайындау;
- БАҚ – на жарияланатын ақпаратты дайындау.
- Міндет: облыс әкімінің, басқарма басшысының облыс аудандары мен қалаларына арналған сапарларына ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.
Функциялар:
- Өңірлер бойынша білім беру саласын дамытудың барлық бағыттары бойынша басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің, білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының, облыстың аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің ақпаратын жинау және өңдеу;
- облыс әкіміне материалдарды дайындау мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының талдау бөлімімен өзара іс-әрекет жасау.
- Міндет: білім басқармасы ресми сайтының, Қостанай облысы әкімдігі ресми сайтының «білім беру» бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
- Білім басқармасы сайтының дизайнін әзірлеу;
- Облыс әкімдігінің сайтын, басқарманың сайтын ақпараттық сүйемелдеу;
- Басқарма сайтының техникалық жұмысын сүйемелдеу;
- Міндет: басқарудың компьютерлік және ұйымдастыру техникасының, жергілікті-есептеу желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Функциялар:
- Жабдықтардың тесттік тексерістері мен профилактикалық байқауларын жүзеге асыру;
- ақауларды уақытылы жою;
- компьтерлік және ұйымдастыру техникасының есебі мен сипаттамасы.
- Міндет: теле-бейнеконференциялардың, интербелсенді сабақтардың техникалық қамтамасыз етілуі.
Функциялар:
- теле-бейнеконференцбайланыс сеанстарын өткізу кезінде жабдықтың үздіксіз жұмысын орнату және сүйемелдеу.
- Бөлім қызметкерлері құқылы:
білім басқармасы басшылығы шешімдерінің жобаларымен танысу;
тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
бөлім міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен кедергісіз танысуға;
еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде, мекеме қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар еңгізуге;
өз құзыретінің шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссия мүшесі болу;
бөлімнің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында облыстық әкімдікпен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Бөлім қызметкерлері міндетті:
1) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
2) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
3) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға және қызметтік әдептің белгіленген нормаларын сақтауға;
4) қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;
5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттерге.
- Ақпараттық – талдау жұмысы бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
- Бөлімді білім басқармасы басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Қызметке тағайындалу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы білім басқармасының басшылығына бөлім қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынады.
- Осы мақсатты көздей отырып, басшы:
- Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді анықтайды.
- Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға бағытталатын құжаттарға Білім басқарамасының басшысы,бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.
____________________________________________