«БЕКІТЕМІН»
«Қостанай облысы
әкімдігінің білім
басқармасы» ММ басшысы
______________З. Байменова
«» ______ 2022 ж.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ
балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңдарын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін», Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, 2016-2019 жылдарға арналған БҒДМБ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ережесін, бөлім функциялары мен міндеттеріне тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
- Балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімінің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндет: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, отбасылар мен арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Функциялар:
- Жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкін қалыптастыру;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын ұйымдастыру мониторингі;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бітірушілерін жұмыспен қамту мониторингі;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу нәтижелілігін қамтамасыз ету бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін қадағалау;
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру;
- Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оңалту және әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті шарттар жасау бойынша балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі балалар ауылының, мектеп-интернаттарының, орталықтардың, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін үйлестіру және қадағалау;
- ақпаратты, есепті дайындау және ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және басқа органдарға ұсыну;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау және іске асыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша заңда белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу.
- Міндет: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептер жанындағы арнайы сыныптардың қызметін үйлестіру.
Функциялары:
- тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оңалту және әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау жөніндегі баспаналар; кемтар балаларды оқыту жөніндегі арнайы білім беру ұйымдары; кемтар балаларды оқыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі аудандар, қалалар әкімдіктерінің білім бөлімдері қызметінің мониторингі;
- инклюзивті білім беруді дамыту, мүмкіндіктері шектеулі балаларды және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерде оқыту мониторингі;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің (ППТК), «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 Рудный арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында білім беру ресурстық орталығының, «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ қызметін үйлестіру;
- келу кестесіне сәйкес «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында («Бөбек» ҰҒПББСО) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын сауықтыру бойынша аудандар мен қалалар әкімдіктерінің білім бөлімдерімен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының директорларымен жұмысты ұйымдастыру;
- оқу жылының әрбір тоқсанының қорытындысы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, арнайы білім беру ұйымдарының балалары қозғалысының және үлгерімінің жедел қорытындыларын талдау;
- ақпаратты, есепті дайындау және ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және басқа органдарға ұсыну;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мен арнайы білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды үйлестіру;
- Міндет: балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылау мақсатында қорғаншылық пен қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін үйлестіру;
Функциялар:
- қорғаншы және қамқоршы органдардың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, азаматтардың отбасына қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа және бала асырап алуға берілген балалардың тұруына, тәрбиесіне және оқуына жағдай жасау жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;
- облыстық құрылымдық бөлімшелер: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарымен, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен бақылауды және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
3) аудандар мен қалалар әкімдіктерінің білім бөлімдерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің мониторингі;
4) жетім балалар мен ата-анасының қаморлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиеленуге жолдамалар беру;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- балаларды патронаттық тәрбиеге беру мониторингі;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік және орталықтандырылған есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- бала асырап алуға үміткерлерге баланы таңдау және балаға келуге жолдама беру;
- семинарларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, акцияларды ұйымдастыру және өткізу;
- қажет болған жағдайда – халықаралық асырап алу бойынша құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз ету;
- кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқықтары шектелген немесе ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарды есепке алу мониторингі;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау және іске асыру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды заңда белгіленген тәртіппен енгізу.
Құқықтары мен міндеттері:
- Білім басқармасы басшылығының шешім жобаларымен танысуға;
- тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілікті арттыруға;
- бөлімнің міндеттерін орындауға қажетті материалдармен кедергісіз танысуға;
- еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, басқарманың басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру, мекеме қызметінің тиімділігі бойынша ұсыныстар енгізуге;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың мүшесі болуға;
- бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында облыс әкімдігімен, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимыл жасауға;
- бөлім мамандарының еңбек тәртібін сақтауы;
- Басқарма басшысы мен оның орынбасарларының бұйрықтарын, тапсырмаларын уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге;
- бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауға және ұсыныстар әзірлеуге қатысуға;
- бөлім туралы бекітілген ережеге сәйкес бөлім мамандарының лауазымдық міндеттерін бекітуге ұсыну.
- Балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, бөлімнің функциялары мен міндеттеріне тиісті салаларда қарым-қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлімді Білім басқармасы басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады. Лауазымға тағайындау конкурстық негізде жүргізіледі.
- Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметінің тиімділігі бойынша ұсыныстарды Білім басқармасының басшылығына ұсынады.
- Осы мақсатта бөлім басшысы:
- Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының заңдарына және актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Білім басқармасының басшысы, бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.
____________________