«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                                                                         «БЕКІТЕМІН»

«Қостанай облысы

                                                  әкімдігінің білім

  басқармасы» ММ басшысы

                                                                                     ______________З. Байменова

                                                                                  «» ______ 2022 ж.

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, бөлім функциялары мен міндеттеріне тиісті салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

  1. Бөлімнің негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет:
  2. балалардың өмірлік құндылықтары мен қарым-қатынастарының, әлеуметтік-мәдени, рухани-адамгершілік, денсаулық сақтау компоненттерінің жүйесін қалыптастыру.

          Функциялар:

1) үйлесімді тұлғаны, балаларда отбасылық құндылықтар туралы түсінікті дамытуға, рухани және адамгершілік білімге қалыптастыруға бағытталған тұжырымдарды, бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және орындау;

  • үйлесімді дамыған, қарқынды дамып келе жатқан әлемде өмір сүруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру бойынша қызметті үйлестіру және қадағалау;

3) ақпаратты, есепті дайындау және ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және басқа да органдарға ұсыну;

  1. Міндет: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша қызметті үйлестіру, балаларды дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту;

Функциялар:

1) кәмелетке толмағандардың спорттық, шығармашылық, техникалық, авиамодельді, экологиялық, туристік қабілеттерін дамыту бойынша қосымша білім беру ұйымдарының қызметін бақылау;

2) балаларды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту бойынша қызметтің мониторингі, балалар мен жасөспірімдерді аула клубтарына қатыстыру;

3) баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша жағдайларын жасау, тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру жөніндегі қызметті бағалау;

4) білім беру ұйымдарында қосымша білім беру, тәрбие жұмысы жүйесінің жай-күйіне мониторинг жасау

5). ақпаратты, есептерді дайындау және ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және басқа да органдарға ұсыну.

 

  1. Міндет: қосымша білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру.

Функциялар:

1) қосымша білім беру ұйымдары желісін кеңейту және балалардың үйірмеге, секцияларға қатысуын қамтамасыз ету мониторингі;

2) балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу нәтижелілігін қамтамасыз ету бойынша қосымша білім беру ұйымдарының қызметін бақылау;

3) жетекшілік ететін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, тренингтер, конкурстар, байқаулар ұйымдастыру және өткізу;

4) оқушылардың демалыс уақытында демалысын, бос уақыты мен еңбекпен қамтамасыз етілуін бақылау.

 

  1. Міндет: білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына мониторинг жүргізу.

Функциялар:

1) білім беру ұйымдарының оқушылардың азаматтығын, патриотизмін, тәрбие деңгейін арттыру, діни экстремизмнің алдын алу, толеранттылықты қалыптастыру, барлық діндерге төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша қызметін үйлестіру және талдау;

2) «Балдәурен» РОСО-ға әр түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен оқу белсенділерінің қатарынан делегациялардың жасақталуын қадағалау (Көкшетау қ., Балқаш);

3) балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептерде үйірме және секциялық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша білім бөлімдерінің қызметіне мониторинг жүргізу;

4) ақпаратты, есептерді дайындау және ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және басқа да органдарға ұсыну;

5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

 

  1. Міндет: қылмыстың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, АИТВ/ЖИТС алдын алу, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс ұйымдастыру.

Функциялар:

  • қылмыстың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, балалардың зиянды заттарды тұтынудың алдын алу, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша аудандар мен қалалар әкімдіктерінің білім бөлімдерінің қызметіне мониторинг жасау;

2) 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің мониторингі.

  1. Міндет: Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының өзара іс-қимыл жасауын бақылау.

Функциялар:

  • Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының қызметін үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау;
  • Балаларды тәрбиелеу бойынша барлық мүдделі ведомстволар мен қызметтермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.

 

  1. Міндет:
  2. Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығымен бақылау және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.

            Функциялар:

            1) Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығының қызметін үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау;

  • Балалардың дене тәрбиесі мәселесі бойынша барлық мүдделі ведомстволармен және қызметтермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.

 

  1. Міндет: ата-аналармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

Функциялар:

1) білім беру ұйымдарының жанынан қамқоршылық кеңестердің құрылуын қадағалау.

  1. Құқықтар:

- Білім басқармасы басшылығының шешім жобаларымен танысуға;

- тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандану) және біліктілігін арттыруға;

- бөлімнің міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен кедергісіз танысуға;

- еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайлары;

- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, Басқарма басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру, мекеме қызметінің тиімділігі бойынша ұсыныстар енгізуге;

- бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың мүшелері болуға;

- бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында облыстық әкімдікпен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

 

Бөлім қызметкерлері:

1) оларға берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

2) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

3) заңмен белгіленген шектеулерді қабылдауға және орнатылған қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

4) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге міндеттер.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне, 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 бұйрықтағы өзгерістермен, бөлімнің функциялары мен міндеттеріне тиісті салаларда қарым-қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
  3. Бөлімді Білім басқармасы басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады. Лауазымға тағайындау конкурстық негізде жүргізіледі.
  4. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы бөлім қызметінің тиімділігі бойынша ұсыныстарды Білім басқармасының басшылығына ұсынады.
  6. Осы мақсатта бөлім басшысы:
  • Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына және актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттарға Білім басқармасының басшысы, бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.

 

 

____________________________________________

 

Дата публикации
13 сентября 2022