«БЕКІТЕМІН»
«Қостанай облысы
әкімдігінің білім
басқармасы» ММ басшысы
______________В.Цымбалюк
«04» қантар 2020 ж.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ білім беру ұйымдарының тіршілік қарекетін қамтамасыз ету бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер.
- Ұйымдардың тіршілік қарекетін қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады.
- Білім беру ұйымының тіршілік қарекетін қамтамасыз ету бөлімінің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндет: сапалы білім алу жағдайларын жақсарту.
Функциялар:
- білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы мен сапасын, объектілерді жаңа оқу жылына, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қадағалау;
- күрделі жөндеуге конкурстар өткізу барысында техникалық ерекшелік құру;
- мемлекеттік және жұмысқа қабылдау комиссияларына қатысу;
- білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасының жай-күйін талдау;
- білім беру ұйымдарының жаңа модификациялы кабинеттермен, компьютерлермен, жиһазбен, асхана жабдықтарымен, спорттық жабдықтармен және т. б. қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізу;
- күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, материалдық-техникалық базаның жай-күйі мен оны нығайту, білім беру объектілерін жылу беру маусымына дайындау мәселелері жөніндегі қызметті бақылау, білім беру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша инвестициялық ұсыныстар қалыптастыру;
- жөндеу орнына барып жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын қадағалау;
- облыстық білім беру объектілерін күрделі жөндеу бойынша жобалау ұйымдарынан жобалық-сметалық құжаттама, «Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан» оң қорытынды алу;
- жұмыс сапарлары барысында күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде облыс әкімінің тапсырмаларын орындау;
- статистикалық есептерді дайындау.
- Міндет: денсаулық сақтау ортасын қамтамасыз ету:
Функциялар:
1) білім беру ұйымдарында медипункттердің болуына бақылау жүргізу;
2) білім беру ұйымдарының өртке қарсы, күзет сигнализациясымен, бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілуін талдау;
3) білім беру ұйымдарында температуралық режимінің сақталуын бақылау;
4) білім беру ұйымдарының құрылымына, оларды күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалау;
5) оқу жылының басына білім беру ұйымдарын даярлау жөніндегі комиссияны ұйымдастыру және қатысу.
- Міндет: Облыс әкімдігі мен облыстық ұйымдармен байланыс орнату.
Функциялар:
- әкімнің тапсырмалары бойынша ақпарат беру,
- облыс әкімінің өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын орындау.
- Міндет: іс жүргізуді, электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету.
Функциялар:
- іс номенклатурасына сәйкес іс жүргізу;
- электрондық құжат айналымын жүзеге асыру;
- жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу.
- Құқықтар мен міндеттер:
Білім басқармасы басшылығы шешімдерінің жобаларымен танысу;
тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
бөлім міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен кедергісіз танысуға;
еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде, мекеме қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
өз құзыретінің негізінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссия мүшесі болу;
басқарманың жұмыс жоспары шеңберінде бөлім іс-шараларының орындалуын белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету және бақылау;
бөлімнің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында облыстық әкімдікпен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Білім беру ұйымдарының тіршілік қарекетін қамтамасыз ету бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексіне (мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидаларын), Бөлімнің функциялары мен міндеттеріне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттерге ие.
- Бөлімді білім басқармасы басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Қызметке тағайындалу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы білім басқармасының басшылығына бөлім қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар ұсынады.
- Осы мақсатты көздей отырып, басшы:
- Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнен басқа мемлекеттік органдарға бағытталатын құжаттарға Білім басқармасының басшысы, бөлімге жетекшілік ететін басшының орынбасары қол қояды.
____________________________________________