«БЕКІТЕМІН»
«Қостанай облысы
әкімдігінің білім
басқармасы» ММ басшысы
______________З. Байменова
«» ______ 2022 ж.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ
бюджетті жоспарлау және қаржыландыру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
Функциялар:
1) Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту
2) Облыстық бюджет бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді жасау
3) Мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерді іске асырудан түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарын құрастыру
4) Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жиынтығы
Функциялар:
1) Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту
2) республикалық бюджет бойынша бюджеттік өтінім құрастыру
3) қаржыландыру жоспарларын әзірлеу
Функциялар:
1) мемлекеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу: қаржыландыру бөлігінде білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламасы;
2) қаржыландыру бөлігінде облысты дамыту бағдарламасына (ОДБ) өзгерістер енгізу;
3) білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген ақша қаражатын игеру мониторингі (қаражатты игеру бойынша білім басқармасының бөлімдері ұсынған ақпаратты талдау).
Функциялар:
1) білім беру мекемелері бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын құрастыру
2) Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін ай сайынғы жиынтық өтінімдер мен анықтамалар жасау
3) Білім басқармасының ұйымдарын қаржыландыру бойынша ай сайынғы ұсынысты жасау
4) мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтері бойынша бағаны есептеуді тексеру
5) қазыналық кәсіпорындардың қызметтері бойынша бағалар есебін жасау
Функциялар:
білім беру ұйымдарын еңбекақы қорымен қамтамасыз ету мониторингі
Функциялар:
1) мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартын іске асыру кезінде оқу сағаттарының көлемін анықтау
2) облыстық білім беру ұйымдарынан тарифтеу тізімдерін қабылдау
3) облыстық білім беру ұйымдары бойынша штат кестесін келісу
4) санаттар бойынша еңбекке ақы төлеу қорының есебін жасау
5) жалақымен қамсыздандыру мониторингі
Функциялар:
1) ведомстволық бағынысты ұйымдарды есеп жүргізетін қызметкерлер үшін өткізілетін арттыру курстары туралы хабардар ету;
2) есеп жүргізетін қызметкерлерді аттестаттауға қатысу;
3) жоспарлау саласында бюджеттік заңнама мәселелері бойынша кеңес алу.
Функциялар:
Бюджеттік жоспарлау бойынша ақпарат ұсыну.
1) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға, Басқарманың басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру, мекеме қызметінің тиімділігі бойынша ұсыныстар енгізу;
2) Облыстық білім беру ұйымдарынан, аудандық және қалалық білім бөлімдерінен, Білім басқармасының бөлімдерінен юөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, құжаттарды белгіленген тәртіппен алу;
3) Білім басқармасы басшылығының шешімдер жобаларымен, бөлім міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен танысу;
4) білім беру ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды Білім басқармасы басшысының қарауына енгізу;
5) облыстық білім беру ұйымдарының, аудандық және қалалық білім бөлімдері басшылары мен қаржы қызметкерлері үшін жазбаша ұсынымдарды өз құзыреті шегінде шығару;
6) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілікті арттыру;
7) еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайлары;
8) өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың мүшесі болу;
9) бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында облыстық атқарушы органдармен, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимыл жасау.
10) ұйымдастыру техникасымен, қаржылық компьютерлік бағдарламалармен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету.
____________________________________________