Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру

 

      Қостанай  облысында 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – ППТК) жұмыс істеуде.

     Қазіргі таңда 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация облысымызда 9 696 баланы (оның ішінде 8027 мектеп жасында, 1699 – мектепке дейінгі жаста) сонымен қатар 1937 мүгедек баланы анықтап тексерді.

     Жыл бойы ППТК - не орта есеппен алғанда  600 бала барады, оңалту курстарының ұзақтығы кемінде 3 айды құрайды.

    Қазақстан Республикасының Білім  және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Қостанай облысын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептердің саны жыл сайын ұлғаюда.

    Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру үшін 420 немесе 88%  мектепте, 149 немесе 79% мектепке дейінгі ұйымда, 19 немесе 56% колледжде қажетті жағдайлар жасалған.

    Қазіргі таңда қаламыздың 420 мектебінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар (88%) үшін қажетті жағдайлар жасалған.

    Облыстың 387 мектебінде 3885 бала (2020 жылы  - 4078 бала) инклюзивтік білім алады, бұл оқытуға жататын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың жалпы санының 50,2% - ын құрайды.

    Облыста жалпы білім беретін 6 мектептің жанында 4 инклюзияны қолдау кабинеті (Қостанай қ. № 29, 22 ОМ жанында, Рудный қ. №17 ОМ жанында, Қарасу ОМ жанында) және 2 ресурстық орталық (Қостанай қ. №27 ОМ жанында және Арқалық қ. №6 ОМ жанында) жұмыс істейді. Кабинеттер балалардың әртүрлі қажеттіліктерін ескеретін және стандартты емес сабақтарды өткізуді қамтамасыз ететін базалық жабдықтармен жабдықталған.

    2022 жылы  инклюзияны қолдаудың 10 кабинетін ашу жоспарланған, осылайша мектептерде ( Қостанай қ. – 3, Амангельді, Жітіқара, Қостанай, Мендіқара, Сарыкөл, Б.Майлин аудандарында және Рудный қ. – 1) 300 – ден астам бала әлеуметтендіріледі. Осындай кабинеттерді ашу қажеттілігі шамамен алғанда 80 млн. теңгені қажет етеді.

    Сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес сектормен: «Дара», «Болашақ» қоғамдық қорлары, «STOP AUTISM» денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының қоғамдық бірлестігі және т. б. тығыз байланыс орнатылды.

     Қостанай облысының білім басқармасы мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді.

Дата публикации
07 сентября 2022