Дуальды оқыту
Ағымдағы жылы дуальды оқыту 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (барлығы 34 колледж) жүзеге асырылады. Дуальды оқыту бағдарламалары бойынша білім алушылардың жалпы контингенті 3402 адамды құрайды, бұл мемлекеттік тапсырыстың 21% құрайды. Дуальды оқыту түрінде экономиканың ауыл шаруашылық, көлік, құрылыс, тамақ, тау-кен өндірісі, энергетика және т.б. сияқты 14 саласындағы 30 мамандығы бойынша мамандарды даярлау жүзеге асырылады. Облыстың 170 кәсіпорны әлеуметтік серіктестер болып табылады. Олардың қатарында ірі кәсіпорындар: «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «РудныйСоколовСтрой», Агромашхолдинг, ҚТЖ - Жүк тасымалы – «Қостанай ЖТ бөлімшесі», Қостанай минералдары, «Баян-Сұлу», Краснооктябрь боксит кен басқармасы, Сарыарка Автопром, БК-СТРОЙ және басқалары. 24 колледжден 113 педагог облыстың 100 кәсіпорнында тағылымдамадан өтті (2018-2019 оқу жылы – 34 педагог; 2019-2020 оқу жылы – 62 педагог, 2020-2021 оқу жылы – 52 педагог). Дуальды оқыту аясында кәсіпорындармен өзара серіктестік туралы 180 астам шарт жасалды, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2247 үш жақты шартын тіркеп, оны реестрде орналастырды (2018 -2019 оқу жылы- 595 шарт; 2019 -2020 оқу жылы-1094 шарт, 2020-2021 оқу жылы-1774 шарт).
Ағымдағы жылы облыстың 16 колледжінде 780 адам оқуды аяқтады. Оның 655 жұмысқа орналастырылды, бұл 84% құрайды.