Облыс бойынша орта білім берудің негізгі көрсеткіштері бойынша (білім сапасы, республикалық олимпиадалар нәтижесі, ғылыми – практикалық конференциялар)

Облыс бойынша орта білім берудің негізгі көрсеткіштері бойынша

(білім сапасы, республикалық олимпиадалар нәтижесі, ғылыми – практикалық конференциялар)

 

2021-2022 оқу жылының басында облыс аумағында 476 мемлекеттік мектеп жұмыс атқарды. Оқу жылының басында жалпы оқушылар саны 110 656 оқушыны құрады.

2021-2022 оқу жылының аяғында облыс аумағында жалпы оқушылар саны 110 208 оқушыны құрады.

2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша 2-11 сыныптарының білім сапасы облыс бойынша – 55,1 % құрады.

Білім сапасы бойынша облыстық көрсеткіштен жоғары көрсеткіш 11 аймақта: Б.Майлин – 59,4%, Жангельді – 58,8%, Қарасу және Наурызым -58,2%, Қарабалық – 57,9%, Әулиекөл – 57,1%, Алтынсарин – 56,6%, Қостанай- 56,5%, Амангельді – 56,07%, Мендықара – 55,9%, Қамысты – 56% аудандары.

Облыстық білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім сапасы – 70% асады (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты – 80,15%, БИЛ – 79,9%, ОЗАТ – 73,2%), сондай-ақ аталған көрсеткіш Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында (88,9%) және БИЛ – де (84,6%).

9 сыныптың 591 оқушысы негізгі орта білім курсын үздік аттестатпен аяқтады (2020-2021 о/ж – 621, 30 оқуш. азайды) және жалпы орта білім курсын үздік аттестатпен 270 түлек тәмамдады (2020-2021 оқу ж.- 232, 38 оқуш. көбейді.).

Облыс бойынша «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 137 түлектің (мемлекеттік тілде білім алатын – 37, орыс тілінде – 100) 100%  өз белгілерін ақтады.

Оқу нәтижесінің оң сапасы ретінде оқушылардың пән бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысуы.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қостанай облысының оқушылары бірқатар халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстарға қатысты. Мысалы, Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының республикалық конкурсының қорытындысы бойынша облыс қоржынында 13 жүлделі орын (Қостанай қ. – 8, «Озат» МАТМЛИ – 3, Жітіқара ауданы – 1, Ы. Алтынсарин атындағы ММИ – 1): 4 бірінші, 2 екінші және 7 үшінші орындар.

2-7 сынып оқушылары Қостанай облысының командасы құрамында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсында 9 жүлделі орынға ие болды (Қостанай қ. – 5, «Озат» МАТЛИ – 1, Әулиекөл ауданы – 2, Жітіқара ауданы – 1), оның ішінде 1 бірінші, 4 екінші және 4 үшінші орындар.

Ақпан-маусым айларында өткен бес халықаралық олимпиадаларда: Математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасында, Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында, математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында, математикадан Балқан олимпиадасында, «Туймаада» халықаралық олимпиадасында дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары (Даутов Жан, Самойленко Арсений) 7 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль.

Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында оқушылар 5 жүлделі орынды (4 бірінші және 1 үшінші) жеңіп алды («Озат» МАТМЛИ оқушыларының 4 жобасы қазылар алқасы мүшелерінің жоғары бағасын алды, бірінші орындарды жеңіп алды.  Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназия жобасына 3-орын берілді).

2022 жылдың сәуір айында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына облыстың 83 оқушысы қатысып, 29 жүлделі орынға ие болды: 5 бірінші, 10 екінші және 14 үшінші.

Сәуір-мамыр айларында Қостанай облысының оқушылары «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының ХХІІ бүкілресейлік олимпиадасында («Шоқжұлдыз» олимпиадасы) (Королев қ., Мәскеу обл.), «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы және «Математика және жобалау» (Мәскеу қ.) сияқты халықаралық ғылыми байқауларға өз жобаларын ұсынды.

«Шоқжұлдыз» олимпиадасында облыс оқушылары 2 жүлделі орынға ие болды: 1 екінші және 1 үшінші («Озат» МАТМЛИ).

Ғарыштық зерттеулер бойынша жарыста Қостанай облысы Қостанай қаласы мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9 авторының 8 жобасын ұсынды. 6 автордың 5 жобасы ғылыми жарыста жүлдеге ие болды, оның ішінде 1 бірінші, 1 екінші және 3 үшінші орындар (Қостанай қ. «Озат» МАТМЛИ, ФМЛ және № 23 ЖББМ).

«Математика және жобалау» конкурсына біздің облыстың атынан физика-математика лицейінің, Қостанай қаласы № 22 жалпы білім беретін мектебінің және Рудный қаласы № 3 жалпы білім беретін мектебінің 6 оқушысы – математика бойынша 5 жобаның авторлары қатысты. Қазылар алқасының шешімімен қостанайлық оқушыларға 3 жүлделі орын берілді: 1 екінші және 2 үшінші (Қостанай қ. ФМЛ және Рудный қ. № 3 ЖББМ).

 

Дата публикации
02 сентября 2022