Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі  - ҰБТ) жалпы білім беретін ұйымдарда 2022 жылдың 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтті. Осы аралықта Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып білім грантына ие болуға мүмкіндіктер берілді, өтініш беру тәртібі туралы толық әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетілген.

2021-2022 оқу жылында  4374 мектеп түлегінің арасынан  2843 түлек немесе 65% ҰБТ - ға қатысты (2021 ж. – 4859 мектеп түлегі, оның ішінде 3246 немесе 67% ҰБТ қатысты).

ҰБТ қорытындысы тікелей мектеп жұмысының нәтижесі, атап айтқанда, әрбір педагог пен пән мұғалімдерінің нәтижелі жұмысы.

ҰБТ тапсырудың алғашқы мүмкіндігі барысында 3109 мектеп түлегі немесе 71% қатысты. Облыс бойынша орташа балл – 70,2.

Алғашқы тапсыру барысында баллдық көрсеткіш облыстық көрсеткіштен жоғары болған мына мектеп түлектері: Білім-инновация лицейі – 90.6 балл, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты – 85.8, «Озат» мамандандырылған АТ мектеп-лицей-интернаты - 85.5, Лисаков қ. – 76.9, Рудный қ. – 74.6, Қостанай қ. – 73.7, Қостанай ауданы – 73.4, Арқалық қ. – 72.7, Сарыкөл ауданы – 72.

Қалған аймақтардағы мектеп түлектері 70 баллдан төмен көрсеткіш көрсетті.

2-ші тапсыру барысында барлық аймақ бойынша 2677 мектеп түлегі немесе 61% қатысты.  Орташа балл – 73.

2-ші тапсыруда  баллдық көрсеткіш облыстық көрсеткіштен жоғары болған мына мектеп түлектері: Білім-инновация лицейі – 93.4 балл, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты–90, «Озат» мамандандырылған АТ мектеп-лицей-интернаты - 90, Рудный қ. – 76.9, Арқалық қ.- 76.4, Қарабалық ауданы – 76.3,  Лисаков қ., Қостанай және Денисов аудандары – 74.2, Қостанай қ. және Б. Майлин ауданы– 74.

Қалған аймақ түлектері 73 баллдан төмен балл жинады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Түлектердің мәлімдемесі бойынша, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың алғашқы мүмкіндігі барысында шектік баллдан аса алмаған, яғни 50 баллдан төмен  355 түлек (11%), екінші тапсыру барысында 256 түлек балл алған (9,5%). Алғашқы  тапсыру кезінде 100 баллдан жоғары балл алған түлектер саны -   280 (9%), екінші тапсыруда 254 түлек (9,5%).

 

 

Дата публикации
04 августа 2022