Облыстың білім бөлімдерінде оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарды қабылдау мақсатында call-орталықтары жұмыс істейді.
Мектеп кітапханаларында оқулықтар берілді, дегенмен жаңадан қабылданған оқулықтарда полиграфиялық ақаудың болуына қатысты проблемалар немесе оқулықтарға байланысты басқа да проблемалар туындауы мүмкін.
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар!
Егер Сізде аталған мәселе туындаса, онда өз қалаңыздағы немесе ауданыңыздағы call-орталығына жүгіне аласыздар. Мамандар туындаған мәселені аз уақытта шешуге тырысады. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының call-орталығына, сондай-ақ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына (ВМSO) хабарласуға болады. Байланыс телефондары төменгі постерде көрсетілген.