Білім басқармасының 2022 жылғы қараша айы ішінде білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

Білім басқармасының 2022 жылғы қараша айы ішінде білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы

ақпараты

 

Білім беру желісіне 777 ұйым (682 мемлекеттік, 95 жекеменшік), 188 балабақша, 7 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 455 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп; 9 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп кіреді; 34 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (25 мемлекеттік білім басқармасы, 2 денсаулық сақтау басқармасы және 7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеменшік), 1 білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығы.

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру

Қостанай облысында жалпы саны 30 108 баланы қамтитын 541 мектепке дейінгі ұйым (оның ішінде мемлекеттік -463, 22 025 бала, жекеменшік-78, 8083 бала) жұмыс істейді. Оның ішінде 23 472 баланы қамтитын 188 балабақша (оның ішінде мемлекеттік-117, 15 622 бала, жекеменшік - 71, 7 850 бала), 6 636 баланы қамтитын 353 шағын орталық (мемлекеттік-346, 6 403 бала, жекеменшік-7, 233 бала).

Кезекте 0-ден 6 жасқа дейінгі 9 703 бала тұр (ең жоғары кезектілік Қостанай қ-да-3 860 бала, Рудный қ-да-2 308 бала, Қостанай ауданында-785 бала). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,7% құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,9%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы жұмыс істеп тұрған жеке меншік балабақшалардағы орындарды кеңейту есебінен 138 орын пайдалануға берілді (Қостанай қ.-116 орын: «Диами» ЖШС-36 орын,  «Солнышко» ЖШС-60 орын,  «Sweet baby» ЖШС-20 орын.  Рудный қ.  «Ромашка» ЖШС-22 орын). Сондай-ақ, мектептер жанынан 60 орындық 2 шағын орталық ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қостанай қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке балабақшада мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен 100 орын енгізу жоспарлануда. Осылайша, 2022 жылы барлығы 298 жаңа орын құрылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 8 658 орындық 64 жекеменшік балабақшада орналастырылған. 2022 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс сомасы 41 718 теңгені, ата-ана төлемі 18 298 теңгені құрайды.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 436 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар– 53% (1811) педагог, ТжКБ білімі бар – 47,3% (1 625) педагог. Арнайы мектепке дейінгі білімі бар– 57% (1 953) педагог.    28%  (972) педагог педагогикалық шеберлік біліктілігіне ие: («педагог-шебер» - 3 (0,1%),  «зерттеуші» - 96 (2,8%), «сарапшы» - 219 (6,4%), «модератор» - 654 (19%).

Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдарын дамыту үшін келесі қаржыландыру бөлінді:

- 117 бөбекжай бақшаларына (КМҚК) 12 млрд. 932 млн. теңге бөлінді (РБ - 3 млрд. 785 млн. тг. және ЖБ  - 9 млрд. 147 млн. тг);

- 64 мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаларға 4 млрд.399 млн. теңге бөлінді (РБ - 1 млрд. 190 млн. тенге және ЖБ - 3 млрд. 209 млн. тенге).

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы проблемалық мәселелер:

  1. «Юбилейный» (47 үй, халқы-13 362 адам, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар саны-1200), «Береке» (70 үй, жоспарланған халық саны-16 470 адам, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар саны-2500) жаңа шағын аудандарында бірде-бір балабақша жоқ, бұл мәселе тұрғындарды алаңдатады. Бұл облыс орталығында үлкен кезектілікке алып келеді (3 860 бала, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін-3116, 3-6 жасқа дейінгі-460). Осыған байланысты 4 балабақша салу қажет ( «Юбилейный» №1 шағын ауданында  280 орынға, «Қонай» №1 шағын ауданында  280 орынға, «Әуежай» шағын ауданында 280 орынға,. «Береке» шағын ауданында  280 орынға), оны іске асыруға оң жобалық-сметалық құжаттамалар бар.

Шешімі:

Қостанай облысы субвенциялық болып табылатындықтан Қостанай қаласында 4 балабақша құрылысын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 4,9 млрд. теңге мөлшерінде ақша қаражатын бөлу қажет.

  Орта білім беру

Қостанай облысында 468 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 455 күндізгі мектеп (оқыту қазақ тілінде - 112, оқыту орыс тілінде - 228, аралас – 115), 5 кешкі, 8 жекеменшік.

Оқушылар контингенті 113 027 құрайды, оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 111 896, жекеменшік мектептерде – 1 131 оқушы (мемлекеттік тілде білім алатын-30 400 бала немесе 26,9%, орыс тілінде білім алатын-82 627 бала немесе 73,1 %).

PISA-2018 нәтижелері бойынша Қостанай облысының білім алушылары оқу сауаттылығы бойынша Республикада 4-ші орын алады - 417 балл (ҚР-387), математикалық сауаттылық бойынша 3 орын - 448 балл (ҚР-423), ғылым бойынша 3 орын - 417 балл (ҚР-397). 2022 жылға жоспар: математикадан-447 балл, оқу бойынша-459 балл, жаратылыстану бойынша-440 балл.

2022-2023 оқу жылында облыс мектептерін бітірушілер саны - 4 259 (жалпы білім беретін мектептерде – 4 081 білім алушы, кешкі мектептерде - 162, жекеменшік мектептерде – 16). «Алтын белгі» иегерлерінің саны 2022 жылы - 137 оқушы, үздік аттестатпен бітіргендер – 270 (2021 ж. «Алтын белгі» төсбелгісін иеленгендер- 221, үздік аттестатпен – 244).

Білім алушылардың білім сапасындағы алшақтық мәселесін шешу мақсатында облыс мектептерінде оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, «Мобильді мұғалім» жобасы іске асырылуда, 41 қалалық мектепке 64 ауылдық мектеп бекітілген және т.б.  (онлайн-консалтинг, еріктілер сессиялары, қарқынды педагогикалық тәжірибе, қорытынды аттестаттауға дайындық).

Орта білім беру саласындағы проблемалық мәселелер

  1. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» 27.12.2019 ж. № 293 Заңына сәйкес орта білім беру ұйымдары педагогтерінің айлық жалақысын есептеу үшін нормативтік оқу жүктемесі аптасына 18-ден 16 сағатқа дейін төмендеді. Өзгерістер педагогикалық ставкалар санының өсуіне әкелді (1600 штаттық бірліктен астам), бұл бір уақытта жалақы қорының өсуіне әкеледі. Осылайша, 2022 жылға қосымша қаржыландыру қажеттілігі 6,6 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың қазан айында республикалық бюджеттен (түзету бойынша) 907,9 млн.теңге бөлінді. Жыл соңына дейін қосымша қажеттілік 5 735,6 млн. теңгені құрайды.

Шешімі:

Педагогтердің жалақысын толық көлемде төлеу үшін 2022 жылы республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге сомасына қосымша трансферттер бөлу қажет. 

  1. 2021 жылы Қостанай қаласында 2 мектептің құрылысы басталды («Береке» шағын ауданы 980 орынға, «Қонай» шағын ауданы 900 орынға). Осы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 2,5 млрд. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлу қажет.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айында Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орындық және Қарабалық ауданының Гурьяновка ауылында 100 орындық 2 объектінің құрылысына 250 млн.теңге бөлінді. Осы жобаларды іске асыру үшін 2,2 млрд. теңге бөлу қажет.

Шешімі:

  Қостанай облысы субвенциялық болып табылатындықтан 2023 жылы 4 мектептің құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 4,7 млрд. теңге бөлу қажет.

Кадрлармен қамтамасыз ету

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 12 323 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 2018 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан 8 201 адам немесе 66,5% өтті («Педагог-шебер» – 109 адам (0,9%), «Педагог-зерттеуші» –2 239 адам (18,2%), «Педагог-сарапшы» – 3 032 адам (24,6%),  «Педагог-модератор» – 2 821 адам (22,9%).

       Бұдан бөлек, 7 жекеменшік мектепте 101 мұғалім жұмыс істейді, жаңа жүйе бойынша 29 адам аттестаттаудан өтті («Педагог-шебер»-0,  «Педагог-зерттеуші» – 8 адам (7,9%),  «Педагог-сарапшы» – 8 адам (7,9%),  «Педагог-модератор» – 13 адам (12,8%).

2022 жылдың қазан айының соңында біліктілікті арттыру курстарынан өтті: 4 036 педагог, оның ішінде 3 883 педагог офлайн режимінде оқудан өтті және 166 педагог онлайн режимінде өтті (ЧУ «Педагогикалық шеберлік орталығы» бағдрламалары бойынша: 1 394 педагог,   «Өрлеу» БАҰО» АҚ: 2 315 педагог,  «Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты» КЕАҚ: 153 педагог, 222 бюджеттік бағдарлама бойынша ҚР Білім беру жүйесінің басшы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың республикалық институты: 150 педагог, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ: 24 педагог).

Қосымша білім беру

Облыста балаларды қосымша біліммен қамту 73,3% немесе 81 044 баланы құрайды, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш-76,7% құрайды (РК-75,5%).

Қосымша білім беру ұйымдары - 47, оның ішінде 46 мемлекеттік (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының сарайлары, үйлері, орталықтары – 20, өнер мектептері – 9, музыка мектептері – 7, көркемөнер мектептері – 3,  хореогр. мектептер –1, тех. шығармашылық мектептері – 1, аула клубтары – 1, оқу-әдістемелік орталықтары–4), 1 жекеменшік (Русин атындағы көркемөнер мектебі) 37 мыңнан астам баланы қамтиды.

Облыста мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылған. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 14 мыңға жуық бала (13 816) тегін үйірмелер және секциялармен қамтылды (биыл спорт басқармасына мемлекеттік спорттық тапсырысқа 818 млн. теңге бөлінді, ағымдағы кезеңде 6002 Ваучер іске қосылды (2021 ж.-196 216,0 млн.тг  5024 орынға), мәдениет басқармасына 682,0 млн. теңге бөлінді, ағымдағы кезеңде 7814 Ваучер іске қосылды (2021 ж. - 141,7 млн.тг  3800 орынға).

Қосымша білім беру саласындағы проблемалық мәселелер:

Облыс орталығында балалар жылы шеңберінде 1 314 орындық (бір ауысымда 657 бала) мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталықтың құрылысы басталды, онда техникалық, ғылыми-биологиялық, көркемдік-эстетикалық, тілдік бағыттағы үйірмелер, сондай-ақ 300 орындық көрермендер залы жұмыс істейтін болады. Жобаның жалпы сомасы 11,3 млрд.теңге, 2022 жылы 2,5 млрд. теңге бөлінді, 2023 жылы республикалық бюджеттен 8,8 млрд. теңге қаражат бөлу қажет.

Шешімі:

Қостанай облысы субвенциялық болып табылатындықтан Қостанай қаласында («Юбилейный» шағын ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 172, сыртқы алаңнан тыс инженерлік желілер мен абаттандырусыз) мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт-орталықты уақтылы салу үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен жалпы сомасы 8,8 млрд.теңге қаражат бөлу қажет.

Инклюзивтік білім беру

Қостанай облысында 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі - ПМПК) және 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді (бұдан әрі - ППТК).

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар - 9 684 (оның ішінде 7 988 мектеп жасындағы балалар, 1 696-мектепке дейінгі жастағы), оның ішінде  2 018 мүгедек балалар.

Тексерілген балалардың жалпы саны 5 жыл ішінде 1 086 балаға немесе 10,1%  азайды, (10 770-тен 9 684-ке дейін), алайда, эмоционалды-ерік-жігері бұзылған балалардың саны (соның ішінде аутизм) 5 жыл ішінде 68,3% - ға немесе 265 балаға өсті ( 123-тен 388-ге дейін).

ППТК-не бір жыл ішінде орта есеппен 600 бала барады, оңалту курсының ұзақтығы кемінде 3 айды құрайды. 152 мүгедек бала және аутизммен ауыратын 46 бала түзету кабинеттерінде түзету қолдауын алады.

Бүгінгі таңда 415 немесе 91% мектептерде (2022 жылға жоспар-84%,  ҚР -85%),  149, немесе 79% мектепке дейінгі ұйымдарда (2022 жылға жоспар-79%,  ҚР -45%), 19, немесе 56% (2022 жылға жсопар-56%,  ҚР-55%) колледждерде инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған .

Облыстың 377 мектебінде 3 846 бала инклюзивті білім берумен қамтылған (2020 ж.-4 078 бала,  2021 ж.-3 885), бұл оқытылатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санының 50,4% құрайды (2021 ж.-50,2%).

Ыңғайлы кеңістікті құру үшін 2019 жылдан бастап облыста балалардың әртүрлі қажеттіліктерін ескеретін және стандартты емес сабақтарды өткізуді қамтамасыз ететін базалық жабдықтармен жабдықталған инклюзияны қолдау кабинеттері ашыла бастады.

Қазір облыста инклюзияны қолдаудың 7 кабинеті (Қостанай қ. № 8, 17, 27, 29 ОМ жанында, Рудный қ. №17 ОМ жанында, Қарасу ОМ, сарыкөл ауданының Урицк  № 1 ОМ   жанында) және 2 ресурстық орталық жұмыс істейд ( Қостанай қ. №27 ОМ жанында және Арқалық қ.  №6 ОМ жанында).

Ағымдағы жылдың соңына дейін инклюзияны қолдаудың тағы 7 кабинетін ашу жоспарлануда (Қостанай қ., Рудный қ., Жітіқара ауданы, Мендіқара ауданы, Амангелді ауданы, Б. Майлин ауданы). Осылайша, облыста 14 ИҚК жұмыс істейтін болады.

2023 жылға тағы 5 ИҚК ашу жоспарланған: Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық ауданыдарында және   Лисаков қ.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Аманат және К» балаларды дамыту орталығында 100 балаға арналған түзету тобы ашылады (оның ішінде аутизі бар балалар да баратын болады).

Облыста 1 807 жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2018 ж.-2 285, 2019 ж.-2 157, 2020 ж.-2 003, 2021 ж.-1 956). Аталған санаттағы балалардың жалпы санынан 1 207 (65%) қорғаншылық пен қамқоршылықта  (2018 ж.-1 402, 2019 ж.-1 353, 2020 ж.-1 339, 2021 ж.-1 240), 186 (9%) - Қазақстан азаматтарының отбасыларында патронаттық тәрбиеде  (2018 ж.-171, 2019 ж.-170, 2020 ж.-172, 2021 ж.-179), 18 (1%) – асырап алушы отбасыда (2019 ж.-23, 2020 ж.-23, 2021 ж.-19), жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - 396, немесе 23% (2018 ж.-637, 2019 ж.-589, 2020 ж.-542, 2021 ж.-468).

Соңғы 5 жылда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды деинститузиализация бойынша жұмыс жүргізілді: 6 ұйым жабылды, ал контингент 460 -тан астам балаға азайды.

Анықтама үшін: 2017 жылы Федоров балалар үйі жабылды, 2018 жылы-Қостанай облыстық балалар үйі, 2019 жылы - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Қостанай арнайы мектеп-интернаты, 2020 жылы - Арқалық қаласындағы балалар үйі, 2021 жылы - Әулиекөл ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, 2022 жылы - Арқалық қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарының желісі 34 оқу орнын құрайды, оның ішінде 25 мемлекеттік, 7 жекеменшік және  2 денсаулық сақтау басқармасының ведомствосында.

Білім алушылар контингенті 22 392 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 17 128 немесе 76%  адам оқиды (2021 - 2022 оқу жылы – 16 509, 72%).  Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 482 орынға ұлғайып 6 134 құрады.

Колледждерде 1 936 педагог қызмет атқарады, оның ішінде жоғары және бірінші санатты  39% (759 адам), педагогикалық шеберлік біліктілігімен 13,6% (263 адам). 2021-2022 жылдың басында 110 адам курстан өтті және 455 адам жылдың соңына дейін өтеді (2020-2021 оқу ж. – 1500).

ТжКБ ұйымдарында оқыту 83 мамандық бойынша мынадай бағыттарда  жүргізіледі: ауыл шаруашылығы, құрылыс, педагогика, медицина, қызмет көрсету саласы, мәдениет және өнер мамандықтары, энергетика, автокөлік құрылысы технологиясы, көлікті пайдалану және т.б.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі түлектерінің контингенті 2022 жылы 6 617 адамды құрады (2021 ж.-6 690), оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 4 536 адам (2021 ж.-4 826). Жұмыспен қамтылғандардың үлесі 4 925 адамды немесе 74,5% құрады, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3 356 немесе 74%.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласында барлығы 337 адам қабылданды (2014-2015 оқу жылдарында қабылдау 100 адамды; 2015-2016 оқу ж-да-150 адамды; 2016-2017 оқу ж-да - 50 адамды; 2017-2018 оқу ж-да-12 адамды, 2019-2020 оқу жылында-25 адамды құрады).  

Облыстың 30 колледжінде оқыту дуальді жүйе бойынша жүргізіледі, бұл олардың жалпы санының 88% құрайды. Оқыту мен тәжірибе тығыз кіріктірілген осы қағида бойынша 30 мамандық және 40 біліктілік бойынша 3 810 білім алушы білім алады (мемлекеттік тапсырыс бойынша - 3 768, 98,8%).

Дуальды білім берудегі әлеуметтік серіктестер - 180 кәсіпорын, кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы 189-дан астам шарт жасалды, өңірлік кәсіпкерлер палатасы 2 139 үшжақты шартты тіркеді және тізілімге орналастырды.

 «Жас маман» жобасы бойынша 10 колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, екі жыл ішінде жалпы сомасы 3 млрд. теңгеге 16 заманауи зертхана, 8 шеберхана және 2 жаңа модификация кабинеті құрылды.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап колледждерге академиялық еркіндік берілді, атап айтқанда, жұмыс берушілердің (кәсіби стандарттар), WorldSkills және цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттердің талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде дербестікті енгізу. Оқу жұмыс бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып әзірленеді, осылайша жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін және білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге ықпал ететін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қамтамасыз етіледі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен сабақтастықты қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына толық көшу басталды.  2022-2023 оқу жылына 31 колледж (25 мемлекеттік және 6 жеке білім беру ұйымдары) «Talap» КЕАҚ-на 258 білім беру бағдарламасының (бұдан әрі-ББ) паспорттарын жіберді, 217 ББ паспорты тізіліміне орналастырылды, 41 паспорт орналастырылмай қалды, себебі «Talap» жұмысын тоқтатты (қаржыландырудың болмауы). 2021-2022 оқу жылында «Talap» КЕАҚ тізілімінде 201 ББ паспорты орналастырылды.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізуге және ұқсас мамандықтарды оңтайландыруға байланысты ТжКБ оқу орындарын бейіндеу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2019 ж. 4 колледж қайта құрылды (Қостанай құрылыс-техникалық, Қостанай кәсіптік-техникалық, Торғай аграрлық-техникалық, Тобыл кәсіптік-техникалық),  2020 ж.-1 (Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі Науырзым ауыл шаруашылығы колледжіне қосылу арқылы қайта құрылды).

Қазіргі уақытта колледждерді бейіндеу шеңберінде Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету  колледжін қосу жолымен Қостанай қызмет көрсету саласы колледжін қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2020-2022 жылдар кезеңінде білім басқармасына ведомстволық бағынысты 19 колледж 31 мамандық, 49 біліктілік бойынша білім алушыларды даярлау жүргізілмейтін мамандықтар/ біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаларды ерікті түрде қайтаруды жүзеге асырды (барлығы, жекеменшіктілерді қосқанда: 25 колледж/38 мамандық/56 біліктілік;оның ішінде 2022 жылы 3 колледж/3 мамандық/3 біліктілік).

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жүргізіп жатқан бейіндеу шеңберінде 22 мамандықты жабу, 9 мамандықты басқа колледждерге беру, 43 жаңа мамандық ашу жоспарлануда.

 

Дата публикации
10 ноября 2022