Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ – тәрбиеші бос лауазымына конкурс жариялайды, жұмыс – тұрақты, хабарландыру - 02.08.2022 ж берілді.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ – тәрбиеші бос лауазымына конкурс жариялайды, жұмыс – тұрақты, хабарландыру  - 02.08.2022 ж берілді.

 

 Мекен-жайымыз: Қостанай қ, Баймағамбетов көшесі 1, 110011, қабылдау бөлімі - 222939, электронды адрес - ODU_kostanay@mail.kz.

Лауазымдық міндеттері:  

            Тәрбиеші тәрбиелік жұмысы бойынша құжаттаманы (перспективалық, күнтізбелік, айлық жоспарлар) міндетті түрде жүргізу керек.

            Тәрбиеленушіні жасөспірімдер үйіне қабылдаған кезде, мекеме Жарғысымен, Жасөспірімдер үйінде тұру шартымен және тәрбие процесін ұйымдастыру және қабылдау тәртібін реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.

            Үнемі тәрбиеленушілерге келісім-шарттың шараларын түсіндіру бойынша  жұмысын және «Жасөспірімдер үйінде тұру ережелерін» сақтау бойынша бақылауды жүргізеді.

            Тәрбиеленушілердің өмірі мен оқуына қауіпсіздік және салауатты жағдайлар жасауға. Тәрбиеленушілердің денсаулығын күнделікті қадағалап, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде және уақытылы дәрігерден кеңес алу бойынша шара қолдануады.

            Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуіне, олардың дене дамуын және интеллектуалды күшін, діни және адамгершілік дамуына, азаматтық және қазақстандық патриотизм сезімдерін дағдыландыруына мүмкіндік беретін іс-шаралар өткізуге. Тәрбиеленушілердің жеке және  шығармашылық қасиеттерін дамытуға көмектесіп, анықтайды.

            Олардың әлеуметтік-психологиялық оңалтуына, әлеуметтік және еңбек бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін жұмыс жүргізеді.

            Тәрбиеленушілермен күн тәртібін, үй жұмысына дайындалу және оқуда көмек көрсету, бос уақытын ұйымдастыруды орындауды ұйымдастырады.

            Тәрбиеленушілермен өзін-өзі күту, жеке тазалығы ережелерін сақтау бойынша жұмысын ұйымдастырады.

              Медициналық қызметкерлермен бірлесе отыра, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына мүмкіндік туғызатын іс-шаралар өткізеді.

            Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.

            Тәрбиеленушілердің каникул кезінде демалысын ұйымдастыруға қатысады.

            Оқу және тәрбиелеу процесін дараландыруды қамтамасыз етуге, тәрбиеленушілердің негізгі құзыретін табысты құрайтын, дамушы ортаны жасайды.

            Топқа бекітілген мүліктің, әдебиеттің, көрнекі құралдардың сақталуын қамтамасыз етуге, сайман-құрал және жабдықтау есебін жүргізеді.

             Қауіпсіздік техника, өрт сөндіруге қарсы  ережелерін оқуға   бағытталған іс-шаралар өткізуге, осы ережелерді сақтау үшін үнемі бақылау жүргізеді, оқуын тексереді, тәрбиеленушілермен өрт кезінде  эвакуация жоспарын игереді, тәрбиеленушілердің арасында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізеді.

             Білім мекемелерімен қызмет жасайды.

             Тәрбиеленушілердің оқу мекемелеріне, практика өтуіне баруын және келуін қамтамасыз етуге, ай сайын себепсіз сабақтан қалған тәрбиеленушілердің сабақтарына қатысу және үлгерімін қамтамасыз етеді.

            Тәрбиеленушімен кәсіби және орта білім алу үшін барлық шараларды қолданады.

            Тәрбиеленушілерге өзіне-өзі қызмет етуді, топта тазалық пен тәртіпті ұстау бойынша кезекшілікті ұйымдастыруға көмектеседі. Күн сайын тәрбиеленушілерден бөлме және қабат бойынша кезекшілікті қабылдау және нәтижесі туралы тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына ауызша ақпарат береді.

            Тәрбиеленушілердің пайдалануына берілген мүлікке (қабаттағы электр плиталар, теледидарлар, жиһаз, төсек-орын жабдықтары, ыдыс, перделер, тюль) ұқыпты қарауды дағдыландырады.

            Сеніп тапсырылған мүлікті сақтау есебін және бақылауды жүргізеді. Ай сайын 20–на дейін, директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарына материалдық құндылықтар туралы есеп береді.

          Тәрбиеленушілерге әлеуметтік жәрдемақысының шығындарын жоспарлауда және оларды дұрыс пайдалануда көмек көрсетуге, азық-түліктің нормалары мен шығысын есепке ала отыра, өз бетімен тамақ дайындауға үйретеді.

          Тәрбиеленушілерді  Жасөспірімдер үйінің аумағын жинау және көркейту бойынша жұмысына қатысуды ұйымдастырады.

          Кәсіби біліктілігін жоғарылатады.

         Бес жылда  бір реттен кем емес аттестациядан  өтеді;

         Педагогикалық этика нормаларын сақтайды.

         Тәрбиеленушілердің абыройын қадірлейді.

         Салауатты өмір салтын жүргізуге және оны тәрбиеленушілердің арасында насихаттайды.

          Тәрбиеленуші жасөспірімдер үйіне уақытында келмеген жағдайда немесе ол дәлелсіз  себеппен келмесе, тәрбиеші кідірмей тәрбиеленуші жасөспірімдер үйіне қайту үшін   шара қолданады.

         Тәрбиеші жұмыс орнына жұмыс басталуына 15 минут қалғанда келуге тиіс.

         Жұмыс күннің басында және  аяғында,  тәрбиеленушілердің  санын  тәрбиеленушілердің  есеп жүргізу  бойынша журналында жасөспірімдер үйінде бар және жоқ себебін көрсетіп жазады.

         Тәрбиеші өз тобының тәрбиеленушілер бөлмелерінде және кабинетіндегі визуалды ақпарат үшін жауап береді.

          Тәрбиеленушілердің үйірмелерде, клубтарда, спорт секцияларда әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады.

           Психофизилогиялық мақсаттылығын басшылыққа ала отырып, жұмыс әдісінің, түрінің педагогикалық негізделген талдауын қамтамасыз етеді.

           Тәрбиеленушілердің шығармашылық қасиеттерін анықтайды, жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуына, тұрақты кәсіби мүдделерін қалыптасуына мүмкіндік туғызады. 

           Тәрбиеленушілердің өзіндік, сонымен қатар зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырады, білім үрдісіне инновациялық технологияларды енгізеді, оқу мен практиканың байланысын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің жетістіктерін талдайды және қамтамасыз етеді. Пайдалану ептілігін, шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесінің дамуын, танымдық қызығушылығын ескере отыра,компьютерлік технологияларын пайдаланып, оқу тиімділігін бағалайды.

           Тәрбиеленушілердің бұқаралық бос уақытында өтетін іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады (конкурстар, фестивальдар, концерттер, қараулар).

           Тәрбиеленушілердің каникул кезіндегі демалысын ұйымдастыруға қатысады.

           Оқу кезінде еңбек қорғау нормаларын және ережелерін, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

           Жасөспірімдер үйінің әртүрлі әдістемелік жұмысының түрлеріне қатысады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатады.

 

Еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Жұмыскердің актілеріне сәйкес белгіленеді.

Қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лауазымдар тізіміне және жұмыс өтіліне сәйкес 155 003 (жүз елу бес мың үш) теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы белгіленеді.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе өтілі талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

            және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

            және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі, құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.

 

Құжаттар тізімдемесі.

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

            1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

            7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

            8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

            9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

            10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

  1. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
  2. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Хабарландыру берілген күннен бастап 7 күн ішінде құжаттар «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.

 

Дата публикации
02 августа 2022