"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

 

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

4-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі

  1. Біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) және біліктілік бағалауынан кейін одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:

      педагогтер үшін – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін – осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес.

  1. Педагогтерді аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне;

      немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      немесе egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі- портал) арқылы өтініш ұсынады.

       Өтiнiш № 338 бұйрықпен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес санаттың өту мерзiмдерi мен кезектiлiгiн сақтай отырып берiледi.

  1. "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері көрсетеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы стандартта көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Министрліктің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Білім басқармаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал арқылы жолдайды.
  5. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация арқылы толық ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі немесе портал арқылы жолданады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне дайын құжаттарды беру күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы хабарлама келіп түседі.

  1. Қалыптастырылған өтініштер (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Министрлікке, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне жіберіледі.
  2. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
  3. Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
  4. Кеңсе арқылы жүгінген жағдайда 63-тармақта көрсетілген іс-әрекеттер құжаттар келіп түскен күні және Министрлікте, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларында, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінде тіркелген күні жүзеге асырылады.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері тарапынан Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.
  6. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжат, не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  7. Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
  8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскенде, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарға толық жауап беретін шешім немесе басқа әкімшілік шара қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

       Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына 7-қосымша

 

 "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;

4) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз/электронды, жартылай автоматтандырылған түрде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмағандықтан мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған дәлелді өтінімі одан әрі қарау кезінде бас тарту өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға болады.

 3) портал - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мемлекеттік қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

 көрсетілетін қызметті берушіге:

 1) өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) білімі туралы диплом;

 4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;

 Мемлекеттік корпорацияға:

 1) өтініш;

 2) білімі туралы диплом;

 3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;

электрондық үкімет веб-порталы арқылы egov.kz:

 1) өтініш

 2) білімі туралы диплом;

 3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;

Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.

Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:

1) Біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);

2) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат және эссе;

3) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;

4) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау;

5) бақылау парақтарымен сабақтардың/сабақтардың бейнежазбалары және сабақтарды/сабақтарды талдау (ПМПК педагогтерін қоспағанда);

6) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі хаттамасынан үзінді.

Ескертпе:

аттестаттау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты және кәсіби жетістіктерін және жинақталуын растайтын құжаттарды білім басқармаларының және ҚР БҒМ-нің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) ресми сайттарында қарайды.

білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК, ППТК, РО педагогтерін қоспағанда) аттестаттау комиссиясы білім басқармаларының және "Дарын" РҒПО-ның ресми сайттарында білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сәйкес қарайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бұзылуы мүмкін.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414; 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

2) мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz.

Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.

         

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы
Дата публикации
02 февраля 2022