Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

 

 

 

 

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                         А. Мұхамбетов

 

 

Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2022-2023 годы
Дата публикации
23 мая 2022