2022 жылғы ақпанға Білім басқармасының білім беру саласының даму қорытындылары туралы ақпараты
Білім беру желісіне 803 ұйым, 192 балабақша, 8 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 477 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп; 7 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп кіреді; 34 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (25 мемлекеттік білім беру басқармасы, 2 денсаулық сақтау басқармасы және 7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, 8 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеменшік), 1 білім беру сапасын ақпараттандыру және бағалау орталығы.
Мектепке дейінгі тәрбие.
2022 жылғы 10 ақпандағы жай-күйі бойынша облыста 192 балабақша (2021 ж. - 190), оның ішінде 70 жекеменшік (2021 ж. - 68), 371 шағын орталық (2021 ж.-391), оның ішінде жалпы білім беретін мектептер жанындағы 363 (2021 ж. - 381) және 8 жекеменшік (2021 ж. - 11).
10.02.2022 жылға мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 11 462 баланы құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін – 8 375 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 1 553 бала.
Балабақшаға кезекте тұрған туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталады: Қостанай қаласы – 4406, Рудный қаласы – 2908, Қостанай ауданы – 1063, Арқалық қаласы – 566, Жітіқара ауданы – 595.
Жалпы орта білім беру.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 494 мектептен тұрады, атап айтқанда 476 (2020-2021 оқу жылы - 489) - күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6-мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 5-кешкі (2020-2021 оқу жылы - 5), 7 - жекеменшік (2020-2021 оқу жылы-6) мектеп.
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санының 116 – сы мемлекеттік тілде оқытатын, 112-сі аралас мектептер.
Өңірде шағын жинақталған мектептер басым екенін ескере отырып, 62,2% (2020-2021 оқу жылы - 66,5%), оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі күні 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2020-2021 оқу жылы-20 бірлік).
Қосымша білім беру.
Қосымша білім берумен қамту 81,3% немесе 90 028 баланы құрайды, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша 2022 жылға жоспарлы көрсеткіш - 76,7% (ҚР - 75,5%).
Мектептер жанындағы үйірмелердің жалпы саны - 2849, ол 44 054 баланы қамтиды. Қосымша білім беру ұйымдары жанындағы 898 үйірмеге 37278 адам қабылданды, немесе 33,4% (2020-2021 оқу жылы - 33%). 17 өңірде қосымша білім берумен қамту көрсеткіші өнер мектептері мен балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру шығармашылық үйлерінің базасында ашылуының арқасында артты, олардың саны қазір 17 (148 секция, 3700 бала), сонымен қатар 1500-ден астам баланы қамтитын 18 жас туристер станциясы жұмыс істейді.
Одан басқа, балаларды тегін спорт секцияларымен және үйірмелермен қамтуды ұлғайту мақсатында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және (2 000 орынға 300,0 млн. теңге бөлінді), мемлекеттік спорт тапсырысы (5 051 орынға 500,0 млн. теңге бөлінді) енгізілді, сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта спорт секцияларын өткізгені үшін БЛЖ-дан 100% қосымша ақы енгізу бұл балалардың спорт секцияларымен қамтылуын арттыруға мүмкіндік береді.
Қорғаншылық және қамқоршылық және арнайы білім беру ұйымдары.
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 9 696 бала тұрады, оның ішінде 9 397-і оқытуға жатады.
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 24 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымдарында (ҚР - да - 98) 858 тәрбиеленуші, 93 (2020 – 2021 Оқу жылы - 115) жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында 697 (2020 – 2021 оқу жылы - 802) оқушы арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК - 597, ББ-27, сөйлеу қабілеті бұзылған - 66, көру қабілеті бұзылған-7).
6 жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдаудың 4 кабинеті (Қостанай қ.№29 ОМ, 22, Рудный Қ. №17 ОМ, Қарасу ОМ) және 2 ресурстық орталық (Қостанай қ.№27 ом және Арқалық қ. №6 ОМ) жұмыс істейді.
14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде (ҚР - да - 186) 671 балаға түзеу көмегі көрсетіледі (2020 – 2021 оқу жылы-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 126 логопедтік пункттерде 3 069 баламен сабақтар өткізіледі.
1-11 сынып аралығындағы 452 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3885 (2020 – 2021 оқу жылы-4078) бала жалпы білім беретін 387 мектепте инклюзивті біліммен қамтылды.
Облыста 1868 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2019 ж.-2285). Аталған санаттағы балалардың жалпы санының 1231-і қорғаншылықта және қамқоршылықта (2019 ж. – 1353), 191-і қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2019 ж. - 174), 18-і асырап алушы отбасында, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда-425 (2019ж. - 589), оның ішінде 5 білім беру ұйымдарында – 345 (жалпы жобалық қуаттылықтың 55% толтырылуы – 788 орын), 2 денсаулық сақтау ұйымында – 25, әлеуметтік қорғау ұйымдарында - 58.
Педагогикалық кадрлар.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 861 (2020-2021 оқу жылы – 13 628) педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді 12 068, бұл 87,1% құрайды (2020-2021 оқу жылы – 11 773, 86,4%), арнайы орта мектептерде – 1793 немесе 12,9% (2020-2021 оқу жылы-1855, 13,6), орта – 0 (2020-2021 оқу жылы – 0%). «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 109, немесе 0,8%, «Педагог-зерттеуші» - 2301, немесе 16,6%, «Педагог-сарапшы» - 3130, немесе 26,6%, «Педагог-модератор» - 3015, немесе 21,8% (2020-2021 оқу жылында – 54,2%).
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3758 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 1981, немесе 52,7%, арнайы орта біліммен – 1777, немесе 47,3%, оның ішінде арнайы мектепке дейінгі біліммен – 1836, немесе 48,8 (2020-2021 оқу жылы – 1855, немесе 13,6%), орта біліммен – 0 (2020-2021 оқу жылы - 0%). «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтердің саны - 4, немесе 0,1%, «Педагог-зерттеуші» - 109, немесе 2,9%, «Педагог-сарапшы» - 212, немесе 5,6%, «Педагог-модератор» - 547, немесе мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалпы санынан 14,6%.
Арнайы ұйымдарда және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 595 педагог жұмыс істейді, олардың 526 жоғары білімді, бұл 88,4% – ды құрайды, арнайы орта білім беру ұйымдарында-64 немесе 10,8%, орта білім беру ұйымдарында-0. «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 1, немесе 0,2%, «Педагог-зерттеуші» - 80, немесе 13,4%, «Педагог-сарапшы» - 59, немесе 9,9%, «Педагог-модератор» - 129, немесе 21,7% (2020-2021 оқу жылында – 43%).
Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 34 колледжден (25 мемлекеттік білім беру басқармасы, 2 денсаулық сақтау басқармасы және 7 жекеменшік) тұрады, онда 22 959 студент оқиды.
2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5 652 орынға (жергілікті бюджеттен 4 052 орын, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 950 орын, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы шеңберінде 650 орын) мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді!».
33 колледж халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті (27 мемлекеттік - Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриялды-педагогикалық, Қостанай тұрмыстық қызмет, Қостанай ауыл шаруашылығы, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технология және сервис, Рудный музыкалық, Рудный құрылысы және көлік, Рудный тау-кен- технологиялық колледжі, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К. Дөненбаева атындағы кәсіби-техникалық колледжі, Лисаков техникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі, Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі, Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі. 6 жекеменшік – ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік – техникалық, Арқалық көпсалалы, Зерек колледждері).
Қазіргі кезде 25 жатақхана жұмыс істейді, оның 22-сі мемлекеттік, жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілген студенттердің жалпы қамтылуы 81% құрайды.
Құрылыс және жөндеу жұмыстары.
2022 жылы 54 білім беру объектісіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6,2 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді, оның 18-і 5,1 млрд. теңге сомасында күрделі. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 36 нысанда 1,1 млрд. теңге сомасына жүргізілді.
2021 жылы Қарасу ауданында 1,3 млрд.теңге сомасына 320 орынға арналған мектеп салу есебінен мектептердің апаттылығы мәселесі толық шешілді.
Қостанай қаласында салынып жатқан жаңа шағын аудандарда орын тапшылығын болдырмау мақсатында, «Береке» шағын ауданыда 980 орын 2,1 млрд.теңге және «Қонай» ш / аудан. 900 орын 2,6 млрд.теңге сомасына 2 мектептің құрылысы басталды, олардың аяқталу мерзімі 2023 жыл. Мемлекеттік тілде оқытатын М. Сералин атныдағы орта мектептің жеке ғимаратының болмауына байланысты, Қарабалық ауданында жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге 320 орынға арналған мектептің құрылысы басталды, аяқталу мерзімі – 2022 жыл.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру жөніндегі ақпарат.
Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер (477 мектеп немесе 100%) 4 Мбит/с кең жолақты Интернетке қол жеткізе алады және Wi-Fi желісімен жабдықталған. Сонымен қатар, 403 немесе 84,5% (315 ауылдық мектеп және 88 қалалық мектеп) Интернет желісінің жылдамдығы 8 Мбит/сек және одан жоғары.
2021 жылы келесі мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды:
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау;
Балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу,
Кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету;
2021 жылы автоматтандыруды қаржыландыру сомасы 167,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде 84,2 млн.теңге (балабақшалар), 74,8 млн. теңге (мектептер), 5,0 млн. теңге (арнайы ұйымдар) және 4,0 млн. теңге (қосымша білім беру ұйымдары).
Қашықтықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд. теңге сомасына 6 мың компьютер сатып алынды, үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге (2357,5 млн. теңге) 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника (компьютерлер – 1584, ноутбуктер – 11586, планшеттер – 2052) сатып алынды. Облыста 1 компьютерге 4,2 оқушыдан келеді.
2021-2022 оқу жылында оқыту штаттық форматта өтеді. Қашықтықтан оқытуға көшкен жағдайда барлық оқушылар 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі.
Оқушыларды Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 2020 жылы жалпы сомасы 18,3 млн.теңгеге 2 892 бірлік көлемінде модемдер мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды.