Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2022 жылғы қантар айына ақпарат

Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2022 жылғы қантар айына ақпарат

 

Білім беру желісіне 803 ұйым кіреді, соның ішінде 190 балабақша,                         11 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 489 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 34 колледж (25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және                                           7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 8 ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымы (оның шінде 1 жекеменшік), 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие

2021 жылдың 1 қарашаға облыста 190 балабақша (2020 ж. - 186, оның ішінде 68 жекеменшік (2020 ж. – 64), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 374 (2020 ж. – 393) шағын орталық оның ішінде 367 жалпы орта білім беретін мектептің жанындажәне (2020 ж. - 393) 10 жекеменшік жұмыс істейді (2020ж. - 12).

2021 жылғы 1.11. мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 10 500 баланы құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 8 198 баланы, 3 жастан 6 жасқа дейін 1 732 баланы құрайды.

Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр: Қостанай қ.– 4310, Рудный қ. – 2523, Қостанай ауданы – 964, Арқалық қ. – 510, Жітіқара ауданы - 500.

 

Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 495 мектеп, оның ішінде 477 (2020-2021 оқу жылы – 489) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 5 – кешкі (2020-2021 о.ж. – 5), 7 – жекеменшік (2020 о.ж. – 6) мектеп.

Мемлекеттік тілде оқытатын 116 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 112-сы аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 62,2% (2020-2021 о.ж. – 66,5%), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2020-2021о.ж. – 20 бірл.).

 

Қосымша білім беру.

Облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі 2021 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша жалпы контингенті 37 278 оқушыны құрайтын білім беру жүйесінің 47 мектептен тыс ұйымын (46 мемлекеттік, 1 жекеменшік) құрайды. Жалпы білім беретін мектептер жанындағы 2 945 үйірмеде 48 657 бала шұғылданады.

Қосымша білім беру ұйымдарымен жалпы қамту 91 965 оқушыны немесе 82,5% құрайды.

2021 жылға балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысына бюджет қаражаты бөлінген жоқ. 

Сонымен қатар, мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа мәдениет басқармасына 1585 орынға 141,7 млн.теңге бөлінді, бүгінгі күні 1396 бала қамтылды, дене шынықтыру және спорт басқармасына мемлекеттік спорттық тапсырысқа 5123 орынға 196,2 млн. теңге бөлінді, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3210 адам қабылданды.

Облыс бойынша мемлекеттік мәдени және спорттық тапсырысқа барлығы 4 606 адамды қамтумен 6 708 орынға 337,9 млн.теңге бөлінді.

 

Қорғаншылық пен қамқоршылық

Қорғаншылық және қамқоршылық және арнайы білім беру ұйымдары.

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 9696 бала тұрады, оның ішінде 9397-і оқытуға жатады.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 24 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР - да - 98) 858 тәрбиеленуші, 93 (2020 – 2021 оқу жылында - 115) жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында 697 (2020 – 2021 оқу жылында - 802) оқушы арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДТ - 597, УО - 27, сөйлеу қабілеті бұзылған - 66, көру қабілеті бұзылған-7).

6 жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдаудың 4 кабинеті (Қостанай қ.№29 ОМ, 22, Рудный Қ. №17 ОМ, Қарасу ОМ) және 2 ресурстық орталық (Қостанай қ.№27 ом және Арқалық қ. №6 ОМ) жұмыс істейді.

14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде (ҚР -  186) 671 балаға түзеу көмегі көрсетіледі (2020-2021 оқу жылы – 622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 126 логопедтік пункттерде 3069 баламен сабақтар өткізіледі.

1-11 сынып аралығындағы 452 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3885 (2020 – 2021 оқу жылы-4078) бала жалпы білім беретін 387 мектепте инклюзивті біліммен қамтылды.

Облыста 1891 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады (2019 ж.-2285). Аталған санаттағы балалардың жалпы санының 1249 қорғаншылықта және қамқоршылықта (2019 ж. – 1353), 191-қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2019 ж. - 174), 18-асырап алушы отбасында, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда - 433 (2019 ж. – 589), оның ішінде 5 білім беру ұйымында – 352 (жалпы жобалық қуаттың 55% толтырылады - 788 орын), 2019 жылы - 2 денсаулық сақтау ұйымында-27, әлеуметтік қорғау ұйымында-54.

 

Педагогикалық кадрлар.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 913 (2020-2021 оқу жылы – 13 628) педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді 12 102, бұл 87% құрайды (2020-2021 оқу жылы – 11773, 86,4%), арнайы орта – 1811 немесе 13% (2020-2021 оқу жылы – 1855, 13,6%), 0 (2020-2021 оқу жылы – 2020-2021 оқу жылы-0%). «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 111 (0,8%), «Педагог – зерттеуші» - 2221 (16%), «Педагог – сарапшы» - 2982 (21,4%), «Педагог – модератор» – 2684 немесе 19,3% (2020-2021 оқу жылында-54,2%).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3673 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 1931 (52,6%), арнайы орта – 1742 (48,4%), оның ішінде арнайы мектепке дейінгі білімі бар – 1765 (43 %, 2020-2021 оқу жылы – 1855, 13,6%), орта білімді – 0 (2020-2021 оқу жылы – 0%). «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 6 (0,2%), «Педагог-зерттеуші» - 73 (2%), «Педагог-сарапшы» - 159 (4,3%), «Педагог-модератор» - 339 немесе мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалпы санынан 9,2%.

Арнайы ұйымдарда және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 599 педагог жұмыс істейді, олардың 536 жоғары білімді, бұл 89,5% құрайды, арнайы орта білім беру ұйымдарында - 63 немесе 10,5%, орта білім беру ұйымдарында-0. «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 1 (0,2%), «Педагог-зерттеуші» - 68 немесе 11,4%, «Педагог-сарапшы» - 50 немесе 8,3%, «Педагог-модератор» - 121 немесе 20,2% (2020-2021 оқу жылында – 43%).

 

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 34 колледж (білім басқармасына қарасты 25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты                   2 және 7 жекеменшік), онда 22 959 студент мамандық алуда.

2020-2021 оқу жылына 33 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5 652 орынға (мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4223 орын; - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде - 950 орын, Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджетінен 25 орын).

33 колледж халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті (27 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Рудный музыкалық, Рудный құрылыс және көлік, Рудный тау-кен, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық, Қазақстан агротехникалық, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері,Лисаков техникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі, Қарасу ауылшаруашылығы колледжі,Денисов кәсіптік-техникалық колледжі,Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі.  6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көпбейінді, Зерек колледждері).

Қазіргі кезде 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік,студенттердің жатақханадағы орындармен жылпы қамтылуы 81% құрайды.

 

Құрылыс және күрделі жөндеу.

2021 жылы 85 білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6,1 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінеді,оның ішінде 4,9 млрд. сомасына 18 күрделі, сондай-ақ 1,2 млрд.теңге сомасына 67 объектіде ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы Қарасу ауданында 1,3 млрд. теңге сомасына 320 орынға арналған мектеп салу есебінен мектептің апаттылық мәселесі толық көлемде шешілді.

Орын тапшгылығын болдырмау мақсатында Қостанай қаласының салынып жатқан «Береке» шағын ауданында 2,1 млрд.теңге сомасына 980 орын және «Қонай» шағын ауданыда 2,6 млрд сомасына 900 орынға арналған 2 мектептің құрылысы басталды,  олардың қолданылу мерзімі 2022 жылы аяқталады. Мемлекеттік тілде білім беретін М. Сералин атындағы орта мектептің жеке ғимаратының болмауына байланысты Қарабалық ауданында жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге 320 орынға арналған мектептің құрылысы басталды, яғни аяқтау мерзімі – 2022 жыл. Бұл мектептердің құрылысы Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде қарастырылған қаражат есебінен іске асырылуда (2021 жылы 3,9 млрд. теңге қарастырылған).

Жалпы 2022 жылы 3040 орынға арналған 7 мектептің құрылысы жоспарланып отыр (Береке - 980 орын, Қонай – 900 орын, Жітіқара – 320 орын, Қарабалық – 320 орын, Жітіқара – 320 орын, Құсмұрын – 320 ай, Гурьяновск-100 орын).

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.

Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер                         (477 мектеп немесе 100%) 4 Мбит/с және одан жоғары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Қалалар және аудандар әкімдіктері білім бөлімдерімен (20 өңір) мектепке дейінгі ұйымдарға кезекшілікті және өтініш беруді автоматтандыру, мектептерге автоматтандырылған өтініш беру қызметі бойынша шарттар жасалды.

Қашықтықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге сомасына 6 мың компьютер сатып алынды, үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге (2357,5 млн. теңге) 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника (компьютерлер – 1584, Ноутбуктер – 11586, планшеттер – 2052) сатып алынды. Облыста 1 компьютерге 4,2 оқушыдан келеді.

Оқушылардың Интернетке қол жетімділін қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін саны 2892 бірлік модем мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды сомасы 18,3 млн.теңгеге.

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация управления образования об итогах развития сферы образования на январь 2022 года
Дата публикации
05 мая 2022