«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ ,Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)39-08-43, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 14.04.2022 ж. "А" блогы, 2022 жылдың 10 сәуірден бастап 2024 жылдың 08 желтоқсанға дейін мерзіміне бала үш жасқа келгенше күтімі бойынша еңбек ақысы сақталуысыз демалысына, уақытша бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000,  Қостанай қ ,Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)39-08-43, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 14.04.2022 ж. "А" блогы, 2022 жылдың               10 сәуірден бастап 2024 жылдың 08 желтоқсанға дейін мерзіміне бала үш жасқа келгенше күтімі бойынша еңбек ақысы сақталуысыз демалысына, уақытша бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Әулиекөл ауданының психолого-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі (А1-3-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 165563 теңгеден 201334 теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Гоголя көшесі, 75.

Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Әулиекөл ауданының психолого-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекен жайы: 110400, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Е.Асынбаева көшесі, 16, т. 871453-79074,22015, kppk_auliekol@mail.kz.

Кәсіпорынның қызметі туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында ауытқушылықтары бар кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

      Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады.

      Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.

      Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.

      Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

      Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ППТК мүдделерін білдіреді.

      Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

      "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді.

      Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Арнайы педагогика" мамандығы бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жылдан кем емес, арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес;

      Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің санатының болуы..

                 Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика мен психология негіздерін,

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын,

      педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика,

      қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

      қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

 Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: қ.Қаласы, Гоголя 75 көш., 127 каб., анықтама үшін телефон: 8(7142) 390843

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

       __________________________________________________

       кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

       __________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _____________________________________________

       ___________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

Өтініш

     

Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

       (білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

       бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

       Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

      (лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

      Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

      Конкурс қағидаларымен таныстым:

      Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

      ____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

      Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

      Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

      Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

      Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

      Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

      Тыйым салынған заттар:

      - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

      - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

      - радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

      - сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

      - шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      - калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

       Келісемін ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

       Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

       20___жылғы "____" ______________ ____________________

      /қолы /

 

объявление
Дата публикации
14 апреля 2022