"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20579 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.03.2021 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Құжаттар портал арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) Мемлекеттік корпорацияда жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде қолма-қол беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
|
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
20__ жылғы "___" ________ ________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
|
|
"Техникалық және кәсіптік, |
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.03.2021 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындабілім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
"Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары" көрсетеді |
||
|
2 |
Мемлекеттік көрсітілетін қызметті ұсыну тәсілдері (жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін жеке тұлғаларға күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 20 минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 минут 3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсеттілетін берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорация арқылы-15 минут. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады және сақталады. |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. 3) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) www.egov.kz. порталында орналасқан. |
||
|
8 |
Құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда); 3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін; 4) мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін; 5) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін; 6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) оқу орнына қабылдау туралы бұйрық. 2,3,4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады. Порталда: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда); 3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы электрондық анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін; 4) мүгедектігі туралы электрондық анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның электрондық қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін; 5) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын электрондық анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін; 6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) оқу орнына қабылдау туралы бұйрық. Көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын, отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімінің болуы |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
||
|
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________ білім беру ұйымында
20___-20___ оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар
тізіміне енгізілгені үшін берілді.
"___" _____________20____ жылы ________________________________
(білім беру ұйымы
басшысының қолы)
|
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік корпорация (мекен-жайын көрсету) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________________;
2)_______________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
_______________________________ ________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация
қызметкерінің қолы)
________________________________________ _____________________
(көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
Алдым: ________________ __________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
"___" _________ 20__ жыл.
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда жарияланған);
2."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16806 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 мамырда жарияланған);
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК