Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар білім беру саласында 34 мемлекеттік қызмет көрсетеді (6-уы электрондық нысанда, 5-уі қағаз, 23-уі электрондық және қағаз нысанда көрсетіледі).
Оның ішінде 3 қызмет «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі немесе композиттік мемлекеттік қызмет (Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу, Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою, Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау).
2021 жылы облыс бойынша, білім беру саласында 116017 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда 105227 мемлекеттік қызмет немесе 90,7% көрсетілді.
Мерзімдерді бұзуға жол бермеу мақсатында Білім басқармасы келесі жұмыстарды жүргізіп жатыр.
«Мониторинг» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау мониторингі, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарымен онлайн семинарлар тұрақты негізде жүргізіледі, онда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер талқыланады (мемлекеттік қызмет көрсету саласында мерзімдерді бұзуға жол бермеу, артық құжаттар топтамасын талап ету және т.б.).
Білім басқармасы басшысының 2021 жылғы 08 қарашадағы № 549 бұйрығымен облыстың қалалары мен аудандарында мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты тұлғалар бекітілді.
Бұдан басқа, 2021 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 50 білім беру ұйымында бақылау іс-шараларын өткізді.
Қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды және оларды жою бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, бақылау іс-шарасын жүргізу нәтижелері туралы актілер жасалды.
2021 жылы анықталған бұзушылықтардың саны - 57, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттырудың болмауы, лауазымдық нұсқаулықтарда мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы білу, халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар ету міндеттерінің болмауы бөлігінде бұзушылықтар көп кездеседі.
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша 2 тәртіптік жаза қолданылған.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 279 ұсыным әзірленген.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 302 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Жалпы қамтылған халық саны 92469 адамды құрайды.
Сондай-ақ, Білім басқармасының, білім бөлімдерінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» қосымша бетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы НҚА және өзекті ақпарат, жауапты тұлғалардың байланыс деректері, қызмет көрсетудің ақылы/тегін болуына қатысты ақпарат орналастырылған.
Облыстың білім беру ұйымдарында халыққа арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жабдықталды.
2021 жылы білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Бастауыш, орта, негізгі орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілердің халықпен байланысын төмендету мақсатында «Сакура» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында «Индиго» ақпараттық жүйесі енгізілген.
2021 жылдың маусым айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында SMART ақпараттық жүйесі қосылған, бұл шамамен 6000 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға және электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін 7% - ға арттыруға мүмкіндік берді.
2021 жылы қосымша және арнайы білім беру ұйымдарында «Миндаль», «Малахит» ақпараттық жүйелері қосылды.
Осылайша, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жүйелі негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, халықтың қанағаттануы мен қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, халықты «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері туралы хабардар ету бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.
Ұсыныстарды as.kaskabaeva@kostanay.gov.kz
электронды поштасына жіберу керек