Облыста 47 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 46 мемлекеттік (балалар және жасөспірімдер шығармашылық сарайлары, үйлері, орталықтары-19, муз.мектептері-7, көркем-сурет мектептері-3, өнер мектептері-9, хорегр.мектептер-1, техникалық шығармашылық мектептері-1, аула клубтары-1, оқу-әдіс.орталықтары-4), 1 жеке (Руссина атындағы көрскем-сурет мектебі).
Қосымша білім берумен қамту 81,3% немесе 90 028 баланы құрайды, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша 2022 жылға жоспарлы көрсеткіш - 76,7% (ҚР-75,5%).
Мектептер жанындағы үйірмелердің жалпы саны-2849, 44 054 баланы қамтиды. Қосымша білім беру ұйымдары жанындағы 898 үйірмеге 37278 адам қабылданды, немесе 33,4% (2020-2021 оқу жылы-33%). 17 өңірде қосымша білім берумен қамту көрсеткіші өнер мектептері мен БДЖШК шығармашылық үйлерінің базасында ашылуының арқасында артты, олардың саны қазір 17 (148 секция, 3700 бала), сондай-ақ 1500-ден астам баланы қамтитын 18 жас туристер станциясы жұмыс істейді.