Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2021 жылғы қазан айына ақпарат
Білім беру желісіне 802 ұйым кіреді, соның ішінде 190 балабақша, 11 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 489 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп, 6 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 34 колледж (25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 8 ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымы (оның шінде 1 жекеменшік), 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.
Мектепке дейінгі тәрбие
2021 жылдың 1 қазанға облыста 190 балабақша (2020 ж. - 186, оның ішінде 68 жекеменшік (2020 ж. – 64), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 377 (2020 ж. – 393) шағын орталық оның ішінде 367 жалпы орта білім беретін мектептің жанындажәне (2020 ж. - 393) 11 жекеменшік жұмыс істейді (2020ж. - 12).
2021 жылғы 1.10. мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 14 393 баланы құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 11 961 баланы, 3 жастан 6 жасқа дейін 4 205 баланы құрайды.
Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр: Қостанай қ.– 5937, Рудный қ. – 3477, Қостанай ауданы – 1432, Арқалық қ. – 870, Жітіқара ауданы - 496.
Жалпы орта білім беру
Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 494 мектеп, оның ішінде 477 (2020-2021 оқу жылы – 489) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 5 – кешкі (2020-2021 о.ж. – 5), 6 – жекеменшік (2020 о.ж. – 6) мектеп.
Мемлекеттік тілде оқытатын 115 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 113-сы аралас мектеп.
Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 62,2% (2020-2021 о.ж. – 66,5%), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2020-2021о.ж. – 20 бірл.).
Қосымша білім беру.
2021-2022 оқу жылының басында облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі білім беру жүйесінің 47 мектептен тыс ұйымнан, оның ішінде 46 мемлекеттік, 37007 оқушы контингенті бар 1 жекеменшік, 48608 бала айналысатын жалпы білім беретін мектептер жанындағы 1810 үйірмедан тұрады. Қосымша білім беру ұйымдарымен жалпы қамту 82615 оқушыны немесе 77,5% (РК – 63%) құрайды.
Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен жалпы қамту 42066 оқушы немесе 38,1% (ҚР-35%).
Жасөспірім тұлғасын әлеуметтендірудің маңызды факторы-мектеп оқушыларының балалар мен жастар бірлестіктерінің қызметіне қатысуы.
"Жас қыран" балалар-жасөспірімдер қозғалысымен қамтылған облыс оқушыларының үлесі 33010 баланы немесе 1-4 сынып оқушыларының 67% (ҚР - 62%), "Жас Ұлан" қозғалысымен 40930 баланы немесе 5-10 сынып оқушыларының 72,7% (ҚР-66%) құрайды.
Қорғаншылық пен қамқоршылық
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 9 668 бала, оның ішінде 9 356-і оқуға жатады.
Қостанай облысында арнайы йымдардың жалпы желісі 24 ұйымды құрайды: 6 арнайы мектеп мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР - 98) 762 тәрбиеленуші білім алады, жалпы білім беретін мектептердің 115 арнайы сыныптарында 802 оқушы арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДТ-698, АОК-28, сөйлеу қабілеті бұзылған-67, көру қабілеті бұзылған – 7, ТҚАБ-1, эмоционалды - еріктік және мінез-құлық бұзылыстары бар-1).
14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 622 балаға (ҚР-186) түзеу көмегі көрсетіледі, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 124 логопедиялық пункттерінде 2849 баламен сабақ өткізіледі.
347 мүгедек бала 1 сыныптан бастап 11 сынып аралығында жеке бағдарламалар бойынша оқиды. 395 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған балалардың саны 4078 құрайды.
Облыста 1898 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (2019 ж. - 2285) тұрады. Көрсетілген санаттағы балалардың жалпы санынан 1253–і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2019 ж. - 1353), 192-сі қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2019 ж.-174); 18 – асырап алушы отбасыда, 435-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, оның ішінде 359 - 5 білім беру ұйымда, 17 – 2 денсаулық сақтау ұйымында, 59 – әлеуметтік қорғау ұйымдарында (2019 ж. -589).
Педагогикалық кадрлар.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 913 (2020-2021 оқу жылы – 13 628) педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді 12 102, бұл 87% құрайды (2020-2021 оқу жылы – 11773, 86,4%), арнайы орта – 1811 немесе 13% (2020-2021 оқу жылы – 1855, 13,6%), 0 (2020-2021 оқу жылы – 2020-2021 оқу жылы-0%). «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 111 (0,8%), «Педагог – зерттеуші» - 2221 (16%), «Педагог – сарапшы» - 2982 (21,4%), «Педагог – модератор» – 2684 немесе 19,3% (2020-2021 оқу жылында-54,2%).
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3673 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 1931 (52,6%), арнайы орта – 1742 (48,4%), оның ішінде арнайы мектепке дейінгі білімі бар – 1765 (43 %, 2020-2021 оқу жылы – 1855, 13,6%), орта білімді – 0 (2020-2021 оқу жылы – 0%). «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 6 (0,2%), «Педагог-зерттеуші» - 73 (2%), «Педагог-сарапшы» - 159 (4,3%), «Педагог-модератор» - 339 немесе мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалпы санынан 9,2%.
Арнайы ұйымдарда және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 599 педагог жұмыс істейді, олардың 536 жоғары білімді, бұл 89,5% құрайды, арнайы орта білім беру ұйымдарында - 63 немесе 10,5%, орта білім беру ұйымдарында-0. «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтер саны - 1 (0,2%), «Педагог-зерттеуші» - 68 немесе 11,4%, «Педагог-сарапшы» - 50 немесе 8,3%, «Педагог-модератор» - 121 немесе 20,2% (2020-2021 оқу жылында – 43%).
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 34 колледж (білім басқармасына қарасты 25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 524 студент мамандық алуда.
2020-2021 оқу жылына 33 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5 652 орынға (мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4223 орын; - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде - 950 орын, Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджетінен 25 орын).
33 колледж халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті (27 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Рудный музыкалық, Рудный құрылыс және көлік, Рудный тау-кен, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық, Қазақстан агротехникалық, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері,Лисаков техникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі, Қарасу ауылшаруашылығы колледжі,Денисов кәсіптік-техникалық колледжі,Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі. 6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көпбейінді, Зерек колледждері).
Қазіргі кезде 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік,студенттердің жатақханадағы орындармен жылпы қамтылуы 81% құрайды.
Құрылыс және күрделі жөндеу.
2021 жылы 85 білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6,1 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінеді,оның ішінде 4,9 млрд. сомасына 18 күрделі, сондай-ақ 1,2 млрд.теңге сомасына 67 объектіде ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Ағымдағы жылы Қарасу ауданында 1,3 млрд. теңге сомасына 320 орынға арналған мектеп салу есебінен мектептің апаттылық мәселесі толық көлемде шешілді.
Орын тапшгылығын болдырмау мақсатында Қостанай қаласының салынып жатқан «Береке» шағын ауданында 2,1 млрд.теңге сомасына 980 орын және «Қонай» шағын ауданыда 2,6 млрд сомасына 900 орынға арналған 2 мектептің құрылысы басталды, олардың қолданылу мерзімі 2022 жылы аяқталады. Мемлекеттік тілде білім беретін М. Сералин атындағы орта мектептің жеке ғимаратының болмауына байланысты Қарабалық ауданында жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге 320 орынға арналған мектептің құрылысы басталды, яғни аяқтау мерзімі – 2022 жыл. Бұл мектептердің құрылысы Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде қарастырылған қаражат есебінен іске асырылуда (2021 жылы 3,9 млрд. теңге қарастырылған).
Жалпы 2022 жылы 3040 орынға арналған 7 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Береке - 980 орын, Қонай – 900 орын, Жітіқара – 320 орын, Қарабалық – 320 орын, Жітіқара – 320 орын, Құсмұрын – 320 ай, Гурьяновск-100 орын.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.
Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер (477 мектеп немесе 100%) 4 Мбит/с және одан жоғары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.
Қалалар және аудандар әкімдіктері білім бөлімдерімен (20 өңір) мектепке дейінгі ұйымдарға кезекшілікті және өтініш беруді автоматтандыру, мектептерге автоматтандырылған өтініш беру қызметі бойынша шарттар жасалды.
Қашықтықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге сомасына 6 мың компьютер сатып алынды, үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге (2357,5 млн. теңге) 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника (компьютерлер – 1584, Ноутбуктер – 11586, планшеттер – 2052) сатып алынды. Облыста 1 компьютерге 4,3 оқушыдан келеді.
Оқушылардың Интернетке қол жетімділін қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін саны 2892 бірлік модем мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды сомасы 18,3 млн.теңгеге.