Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2021 жылғы қыркүйек айына ақпарат

Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2021 жылғы қыркүйек айына ақпарат

Білім беру желісіне 802 ұйым кіреді, соның ішінде 190 балабақша, 10 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 477 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп, 6 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 34 колледж (25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 8 ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымы (оның шінде 1 жекеменшік), 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 1 центр информатизации.

 

Мектепке дейінгі тәрбие

2021 жылдың 1 қыркүйекке облыста 190 балабақша (2020 ж. - 183, оның ішінде 68 жекеменшік (2020 ж. – 64), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 377 (2020 ж. – 393) шағын орталық оның ішінде 367 жалпы орта білім беретін мектептің жанындажәне (2020 ж. - 393) 10 жекеменшік жұмыс істейді (2020ж. - 12).

2021 жылғы 1.09. мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 14 954 баланы құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 13 279 баланы, 3 жастан 6 жасқа дейін 5 058 баланы құрайды.

Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр: Қостанай қ.– 5948, Рудный қ. – 3542, Қостанай ауданы – 1444, Арқалық қ. – 866, Жітіқара ауданы - 722.

 

Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 494 мектеп, оның ішінде 477 (2020-2021 оқу жылы – 489) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 5 – кешкі (2020-2021 о.ж. – 5), 6 – жекеменшік (2020-2021 о.ж. – 6) мектеп.

Мемлекеттік тілде оқытатын 115 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 113-сы аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 67% (2020-2021 о.ж. – 66,5%), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2020-2021 о.ж. – 20 бірл.).

 

Қосымша білім беру.

Облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі контингенті 36664 оқушыны құрайтын білім беру жүйесінің 47 мектептен тыс ұйымынан, 31679 бала айналысатын жалпы білім беретін мектептер жанындағы                         3291 үйірмелерден тұрады. Қосымша білім беру ұйымдарымен жалпы қамту              88 780 оқушыны немесе 81% - ды құрайды (ҚР-63).

Қосымша білім беру ұйымдарында тегін негізде 3428 спорт секциясы жұмыс істейді. Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен жалпы қамту 47 425 оқушы немесе 43,5% (ҚР-35%).

Жасөспірім тұлғасын әлеуметтендірудің маңызды факторы-балалар мен жастар бірлестіктерінің қызметіне қатысу. «Жас қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалысымен қамтылған облыс оқушыларының үлесі 31647 баланы немесе 66%-ды, 1-4 сынып оқушыларын (ҚР - 62%), «Жас Ұлан» қозғалысымен 39298 баланы немесе 5-10 сынып оқушыларының 70%-ын (ҚР-66%) құрайды.

 

Қорғаншылық пен қамқоршылық

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 9 668 бала, оның ішінде 9 356-і оқуға жатады.

Қостанай облысында арнайы йымдардың жалпы желісі 24 ұйымды құрайды: 6 арнайы мектеп мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР - 98) 762 тәрбиеленуші білім алады, жалпы білім беретін мектептердің 115 арнайы сыныптарында 802 оқушы арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДТ-698, АОК-28, сөйлеу қабілеті бұзылған-67, көру қабілеті бұзылған – 7, ТҚАБ-1, эмоционалды - еріктік және мінез-құлық бұзылыстары бар-1).

14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 622 балаға                       (ҚР-186) түзеу көмегі көрсетіледі, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 124 логопедиялық пункттерінде 2849 баламен сабақ өткізіледі.

347 мүгедек бала 1 сыныптан бастап 11 сынып аралығында жеке бағдарламалар бойынша оқиды. 395 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған балалардың саны 4078 құрайды.

Облыста 2006 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (2019 ж. - 2285) тұрады. Көрсетілген санаттағы балалардың жалпы санынан 1270 –і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2019 ж. - 1353), 194-сі қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2019 ж.-174);                         18 – асырап алушы отбасыда, 524-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, оның ішінде 438 - 5 білім беру ұйымда, 27 – 2 денсаулық сақтау ұйымында, 59 – әлеуметтік қорғау ұйымдарында (2019 ж. -589).

 

Педагогикалық кадрлар.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13628 мұғалім (2019-2020 о.ж. – 13047) педагог жұмыс істейді, оның ішінде 12052 мұғалім               (2019-2020 о.ж. - 11507). Педагогтардың жалпы санынан жоғары білімі бар мұғалімдердің саны – 11773 (2019-2020 о.ж. – 11203, 85,9%) бұл 86,3 %  құрайды, арнайы орта біліммен – 1843, немесе 13,6 % (2019-2020 о.ж. – 1844, 14,1%), орта біліммен – 0 (2019-2020 о.ж. – 0 %).

Жаңа формат бойынша аттестаттау қорытындыларын ескере отырып жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 9716 адамды немесе 71,3% құрайды (2019-2020 о.ж. – 58,5%).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3856 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 2052 педагог (53,2%), арнайы орта – 1804 (46,8%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімді – 1793 (46,4 %), жоғары және бірінші санатты - 1267 (28,7%).

 

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 34 колледж (білім басқармасына қарасты 25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 524 студент мамандық алуда.

2020-2021 оқу жылына 33 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5652 орынға (мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4223 орын; -Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде-950 орын, Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджетінен 25 орын).

33 колледж халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті (27 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Рудный музыкалық, Рудный құрылыс және көлік, Рудный тау-кен, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық, Қазақстан агротехникалық, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері,Лисаков техникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі, Қарасу ауылшаруашылығы колледжі,Денисов кәсіптік-техникалық колледжі,Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі.  6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көпбейінді, Зерек колледждері).

Қазіргі кезде 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік,студенттердің жатақханадағы орындармен жылпы қамтылуы 81% құрайды.

 

Құрылыс және күрделі жөндеу.

2021 жылы 83 білім беру мекемесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге           6 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның 18 -5,5 млрд.теңге (11 «Ауыл-Ел бесігі» (2,8 млрд.), 5 – ЖСТ (1,8 млрд), 2 – МБ (88 млн). Ағымдағы жөндеу 65 объектіде 1,1 млрд. сомасына қарастырылған.

Ағымдағы жылы Қарасу ауданында 1,3 млрд теңге сомасына 320 орынға арналған мектеп салу есебінен мектептің апаттылық мәселесі толық көлемде шешілді.

Орын тапшылығын болдырмау мақсатында Қостанай қаласының салынып жатқан жаңа шағын аудандарында «Береке» шағын ауданында 2,1 млрд.теңге сомасына 980 орын орын және «Қонай» шағын ауданында 2,6 млрд теңге сомасына 900 орынға арналған  2 мектептің құрылысы басталды, олардың пайдалану мерзімі 2022 жылы аяқталатын болады. Қарабалық ауданындағы мемлекетті тілде білім беретін М. Сералин атындағы орта мектептің жеке ғимараттың болмауына байланысты , жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге 320 орындық мектептің құрылысы басталды, яғни аяқтау мерзімі - 2022 жыл. Бұл мектептердің құрылысы Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылуда (2021 жылы 3,9 млрд теңге қарастырылған).

Жалпы 2022 жылы 3040 орынға арналған 7 мектептің құрылысы жоспарланып отыр (Береке ш.а. -980 орын, Қонай – 900 орын, Жітіқара – 320 орын, Қарабалық – 320 орын, Құшмұрын-320 орын, Гурьяновская-100 орын).

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.

Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер (477 мектеп немесе 100%) 4 Мбит/с кең жолақты Интернетке қол жеткізген және Wi-Fi желісімен жабдықталған.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің білім бөлімдері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына өтінішті автоматтандырылған түрде беру және кезектілік, мектептерге өтініштерді автоматтандырылған түрде беру қызметі бойынша (20 өңір) шарттар жасады.

Қашықтықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге сомасына 6 мың компьютер сатып алынды, үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге (2357,5 млн. теңге) 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника (компьютерлер - 1584, ноутбуктер – 11586, планшеттер - 2052) сатып алынды. Облыста 1 компьютерге 4,2 оқушыдан келеді.

Оқушыларды Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жалпы сомасы 18,3 млн.теңгеге 2 892 бірлік модемдер мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды.

Дата публикации
28 октября 2021