2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы

                                                                                                Әкімдіктің 16.07.2021 жылғы отырысында білім                                                                                                      басқармасының басшысы З.Ә. Байменованың

                                                                                                «2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы»                                                                                                    сөз тезистері

 

Білімнің сапасын, қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру білім берудің басты стратегиялық бағдарлары болып белгіленген. Облыстың 814 білім беру ұйымы, оның ішінде 722 мемлекеттік ұйымның қызметі осы міндеттерді іске асыру үшін бағытталған.

2020-2021 оқу жылы оңай болған жоқ, контингенті 110 мыңға жуық баласы бар 495 мектеп оны қашықтықтан бастап, аралас түрде аяқтады. Нәтижесінде, облыс бойынша білім сапасы 59% құрады, бұл өткен жылдың нәтижелерінен сәл (0,8%) ғана жоғары (2019-2020 оқу жылы - 58,5%).

9 өңірдегі білім сапасы облыстық көрсеткіштен жоғары (Амангелді, Қостанай ауданы, Қарабалық, Қостанай қаласы, Әулиекөл, Б. Майлин, Науырзым, Алтынсарин, Жангелдин аудандары).

3 өңір – Арқалық (51,7%), Қамысты (52,1%) және Сарыкөл (52,4%) аудандары ең төменгі білім сапасы бар аутсайдер үштігіне кірді.

Өткен оқу жылмен салыстырғанда «Алтын белгі» белгісі иегерлерінің де саны артты (2020 ж. – 192). 234 үміткердің ішінен 221 түлек биылғы жылдың белгі иегерлері атанды. 13 түлек үздік білімдерін растай алмады (1-ден – Алтынсарин, Денисов, Жангелдин, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Б. Майлин, Ұзынкөл аудандарында, Арқалық қаласында, Қарабалық және Сарыкөл аудандарында 2-ден).

Атап өту керек, ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу алғашқы рет мамыр айының басынан бастап 3 пункт базасында электрондық нысанда өтіп, 30 маусымда аяқталды.

5 мыңға жуық мектеп түлектерінің (4 874) ішінен 3 мыңнан (3 232) астамы немесе 66% 1 тапсыру мүмкіндігіне, 2 мүмкіндікке 3 мыңға жуық (2919) немесе 60% (59,8%) қатысты.

2019 жылдан бастап Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ нәтижелерін Білім басқармасына ұсынбайтынын еске сала кетейін. Түлектердің мәліметтерін талдай отырып, 1 мүмкіндіктің нәтижесінде облыс бойынша орташа балл 70,2 балды құраса, 2 мүмкіндік нәтижесінде 73,4 (2020 ж. -72,1) балл құраған, бұл 2020 жылдың нәтижелерінен               1,3 балға жоғары.

Облыстық көрсеткішкен жоғары орташа балл облыстық мектептерінде - Білім Инновация лицейі (92,3) және Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ (82,3), сондай-ақ Б. Майлин (85,5), Науырзым аудандары (85,6), Рудный (81,5), Лисаков (77,1), Костанай (76,5) қалаларында.

Ең төменгі балл көрсеткішін Жангелдин (60), Алтынсарин (63,2), Қарабалық (65,8), Әулиекөл (66,4) аудандары және Арқалық қаласы (67,1) көрсетті.

Сонымен қатар зияктерлік жарыстардағы нәтижелілілік білім сапасы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Республикалық оқушылар олимпиадасының (ағымдағы жылдың сәуір айы) нәтижелері бойынша облыс қоржынында 28 жүлделі орын (Қостанай қ. – 10, БИЛ – 8, Озат – 2, Рудный қаласы – 2, 1-ден Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ, Қостанай, Федоров, Сарыкөл аудандары, Лисаков, Арқалық қалалары):                     7 бірінші, 9 екінші және 12 үшінші (2019 ж. – 29 орын, оның ішінде 1 – 1, II – 6, III - 22). Командалық есепте облыс ҚР-да ІІІ орынға ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 22 мыңнан астам студентті қамтитын 34 колледж жұмыс істейді, олардың тек 758 студенті (3,3%) штаттық режимде 4 колледжде (Федоров, Қарасу, Рудный музыкалық, Денисов колледждері), сондай-ақ 1 курстың 6,5 мың студенті (6 535, немесе 28,7%) оқыды.

Аталмыш сала нәтижелерінің бірі – дуальді оқытуды енгізген колледждер желісін кеңейту: үстіміздегі жылы олар 29 немесе 85% (дуальді оқытумен қамту 18%-дан 19,6%-ға дейін, 3129 адам, 2019-2020 оқу жылы - 2904).

Әлеуметтік әріптестердің саны да артқан, оның ішінде халықаралық. Мысалы, биылғы оқу жылында «КАМАЗ» ЖАҚ-мен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келесі қадам маусым айында Минск трактор зауытымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Инновациялық жабдықпен жабдықтандыру үшін «Жас маман» жобасы аясында облыстың 7 колледжіне республикалық бюджеттен 1,9 млн. теңге бөлінген (2020 жылы – 3 колледжге 969,9 млн.теңге). Қазіргі таңда 115 лоттан 97 (78%) лот бойынша қорытынды шығарылды. Жабдық 70 (60%) лот бойынша жеткізілген.

Арнайы білім беру мәселесі басты назарда. Жылдың басында 8 түзеу кабинеті қажет болды. Бүгінгі күні 6-ға (Рудный, Арқалық қалалары) азайды. Сондай-ақ 1-қыркүйектен бастап Арқалық түзеу мектебі жанынан 30 орынға арналған интернат жұмыс істейді, бұл Амангелді, Жангелдин және Науырзым аудандарынан ерекше балаларды оқытумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

88 мыңнан астам бала (88 780) немесе 81% (ҚР - 63) қосымша білім берумен қамтамасыз етілген. Шектеу режиміне қарамастан ҚР оқушылары арасындағы Х қысқы гимназиядада Қостанай облысы жалпы командалық есепте 1 орынға, «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумда 3 орынға жайғасты.

Білім беру ұйымдарының оңтайлы жұмыс істеуінің маңызды шарты – тиісті кадрлық әлеует. Бүгінде облыста 21 мыңнан аса педагог жұмыс істейді (21 045, оның ішінде жоғары білімі бар - 17 032 немесе 81% (2020 ж. - 77%). Өткен оқу жылмен салыстырғанда сарапшы (2685), модератор (2419), зерттеуші (2091) және шебер педагогтар бойынша сапалық құрам екі есе артты және 55,8% құрайды, ал педагогтің қазіргі орташа жалақысы 249,4 мың теңге.

Жаңа оқу жылы қарсаңында біздің алдымызда мынадай маңызды міндеттер тұр.

Бірінші. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылын штаттық режимде бастау міндетін қойған. Бұл үшін 100% вакцинациялауды қамтамасыз ету қажет. Қазіргі таңда 33310 қызметкерден 27581-і вакцинациялауға жатады, оның ішінде 16772 педагог. 22593 қызметкерге немесе 82%-ға бірінші компонент салынды, оның ішінде 14162 педагогке немесе педагогтердің 84%-на. Аталған мәселе ерекше бақылауда, белсенді түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Екінші. Мектептерді нормативке сәйкес келтіру.

Өкінішке орай, аталған мәселені шешуде жергілікті әкімдер тарапынан байыпсыздықты байқап отырмыз, ал мектептерді жабу және қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстарды олар жыл сайын жүргізді (2019 ж. - 8 жабылды, 18 қайта ұйымдастырылды, 2020 ж. - 10 жабылды, 20 қайта ұйымдастырылды) және білім беру функцияларының облыстық деңгейге берілуіне қарамастан, жалғастырылуы тиіс

Бүгінгі таңда 14 мектепті жабу және 13 мектепті қайта құру бойынша жұмыс жүргізілуде, тиісті қаулы дайындалуда. Алайда бірқатар жылдар бойы нормативтен үлкен ауытқу (13-тен 35 балаға дейін) байқалатын мектептердің көп санына (20) назар аударғым келеді. Әдетте, мұндай мектептерде негізгі пәндерді маман емес немесе қоса атқарушы қызметкерлер жүргізеді. Біздің ортақ міндетіміз – балаларға толыққанды және сапалы білім беру. Оның үстіне, жаңа оқу жылынан бастап аттестаттау рәсімі қайта басталады, онда маңызды көрсеткіштердің бірі – педагогтардың сапалық құрамы.

Осыған орай өңірлер әкімдерінен мектептерді сәйкестікке келтіру бойынша уақытылы шаралар қабылдауды, әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін халыққа түсіндіру жұмысын жүргізуді сұраймын.

Үшінші. Білім беру ұйымдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Ыңғайлы оқу жағдайларын жасау үшін биыл 76 объектіде (18 – күрделі, 58 – ағымдағы) жалпы сомасы 7 млрд.теңгеге жөндеу жұмыстары көзделген (оның ішінде 11 объектіде «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде 3,9 млрд.теңге). 10 күрделі жөндеу объектілері бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, жөндеу жұмыстары басталып кеткен, 8 объект бойынша – конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

58 ағымдағы жөндеу объектісі ішінен (836,5 млн. теңге сомасына)    17 объектіде (31%) жұмыстар аяқталды, 38 объектіде – жұмыстар жүргізілуде, 3 объект (5%) (Амангелді, Денисов, Б, Майлин ауданы) бойынша – конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдерінен осы мәселені ерекше бақылауға алуды және жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды сұраймын.

Жаңа оқу жылына дайындықта мектептерді жабу және қайта ұйымдастыру, білікті педагогтарды тарту үшін жағдай жасау, сапалы жөндеу жүргізу және оларды уақтылы аяқтау мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен қолдауы маңызды.

 

Дата публикации
19 июля 2021