Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2021 жылғы маусым айына ақпарат

Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы 2021 жылғы маусым айына ақпарат

 

Білім беру желісіне 815 ұйым кіреді, соның ішінде 190 балабақша,                         11 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 489 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 65 кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп, 6 жекеменшік (мемлекеттік емес) жалпы білім беретін мектеп, 34 колледж (25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және                                           7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 8 ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымы (оның шінде 1 жекеменшік) , 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие

2021 жылдың 1 маусымға облыста 190 балабақша (1.12.2019 ж. - 183, оның ішінде 68 жекеменшік (1.04.2020 ж. – 60), жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 391 (1.04.2020 ж. – 407) шағын орталық оның ішінде 380 жалпы орта білім беретін мектептің жанындажәне (1.04.2020 ж. - 395) 11 жекеменшік жұмыс істейді (1.04.2020ж. - 12).

2021 жылғы 1.05. мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 17 222 баланы құрайды, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейін 15 592 баланы, 3 жастан 6 жасқа дейін 6 319 баланы құрайды.

Балабақша кезегінде туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі тұрған балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталып тұр: Қостанай қ.– 6885, Рудный қ. – 3929, Қостанай ауданы – 1659, Арқалық қ. – 925, Жітіқара ауданы - 872.

 

Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім бер ұйымдарының желісінде 506 мектеп, оның ішінде 489 (2019-2020 оқу жылы – 498) – күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 – мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 5 – кешкі (2019-2020 о.ж. – 6), 6 – жекеменшік (2019-2020 о.ж. – 5) мектеп.

Мемлекеттік тілде оқытатын 118 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің жалпы санынан 114-сы аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 66,5% (2019-2020 о.ж. – 67,4%), қазіргі таңда оқу бағдарламаларын сәтті меңгеру мақсатында 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2019-2020 о.ж. – 20 бірл.).

 

Қосымша білім беру.

Облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі контингенті 36664 оқушыны құрайтын білім беру жүйесінің 47 мектептен тыс ұйымынан, 31679 бала айналысатын жалпы білім беретін мектептер жанындағы                         3291 үйірмелерден тұрады. Қосымша білім беру ұйымдарымен жалпы қамту              88 780 оқушыны немесе 81% - ды құрайды (ҚР-63).

Қосымша білім беру ұйымдарында тегін негізде 3428 спорт секциясы жұмыс істейді. Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен жалпы қамту 47 425 оқушы немесе 43,5% (ҚР-35%).

Жасөспірім тұлғасын әлеуметтендірудің маңызды факторы-балалар мен жастар бірлестіктерінің қызметіне қатысу. «Жас қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалысымен қамтылған облыс оқушыларының үлесі 36092 баланы немесе 64%-ды, 1-4 сынып оқушыларын (ҚР - 64%), «Жас Ұлан» қозғалысымен 37319 баланы немесе 5-10 сынып оқушыларының 69%-ын (ҚР-69%) құрайды.

 

Қорғаншылық пен қамқоршылық

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 9 668 бала, оның ішінде 9 356-і оқуға жатады.

Қостанай облысында арнайы йымдардың жалпы желісі 24 ұйымды құрайды: 6 арнайы мектеп мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР - 98) 762 тәрбиеленуші білім алады, жалпы білім беретін мектептердің 115 арнайы сыныптарында 802 оқушы арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДТ-698, АОК-28, сөйлеу қабілеті бұзылған-67, көру қабілеті бұзылған – 7, ТҚАБ-1, эмоционалды - еріктік және мінез-құлық бұзылыстары бар-1).

14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде 622 балаға                       (ҚР-186) түзеу көмегі көрсетіледі, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы 124 логопедиялық пункттерінде 2849 баламен сабақ өткізіледі.

347 мүгедек бала 1 сыныптан бастап 11 сынып аралығында жеке бағдарламалар бойынша оқиды. 395 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті біліммен қамтылған балалардың саны 4078 құрайды.

Облыста 1991 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (2019 ж. - 2285) тұрады. Көрсетілген санаттағы балалардың жалпы санынан 1301 –і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2019 ж. - 1353), 184-сі қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2019 ж.-174);                         19 – асырап алушы отбасыда, 476-і жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, оның ішінде 405 - 5 білім беру ұйымда, 21 – 2 денсаулық сақтау ұйымында, 63 – әлеуметтік қорғау ұйымдарында (2019 ж. -589).

 

Педагогикалық кадрлар.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13628 мұғалім (2019-2020 о.ж. – 13047) педагог жұмыс істейді, оның ішінде 12052 мұғалім               (2019-2020 о.ж. - 11507). Педагогтардың жалпы санынан жоғары білімі бар мұғалімдердің саны – 11773 (2019-2020 о.ж. – 11203, 85,9%) бұл 86,3 %  құрайды, арнайы орта біліммен – 1843, немесе 13,6 % (2019-2020 о.ж. – 1844, 14,1%), орта біліммен – 0 (2019-2020 о.ж. – 0 %).

Жаңа формат бойынша аттестаттау қорытындыларын ескере отырып жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 7036 адамды немесе 58,3% құрайды (2019-2020 о.ж. – 58,5%).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3856 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 2052 педагог (53,2%), арнайы орта – 1804 (46,8%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімді – 1793 (46,4 %), жоғары және бірінші санатты - 1110 (28,7%).

 

 

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісінде 34 колледж (білім басқармасына қарасты 25 мемлекеттік, денсаулық сақтау басқармасына қарасты                   2 және 7 жекеменшік), онда 22 752 студент мамандық алуда.

2020-2021 оқу жылына 33 ТжКБ ұйымында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 5 198 орынға (мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 4223 орын; -Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде-950 орын, Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджетінен 25 орын).

33 колледж халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті (27 мемлекеттік – Қостанай педагогикалық, Қостанай құрылыс, Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Қостанай жоғары медициналық, Жітіқара политехникалық, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Рудный политехникалық, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Рудный музыкалық, Рудный құрылыс және көлік, Рудный тау-кен, Торғай гуманитарлық, Арқалық политехникалық, К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық, Қазақстан агротехникалық, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері,Лисаков техникалық колледжі, Арқалық медициналық колледжі, Қарасу ауылшаруашылығы колледжі,Денисов кәсіптік-техникалық колледжі,Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі.  6 жекеменшік – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай гуманитарлық, Қостанай әлеуметтік-техникалық, Арқалық көпбейінді, Зерек колледждері).

Қазіргі кезде 25 жатақхана жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік,студенттердің жатақханадағы орындармен жылпы қамтылуы 65% құрайды.

 

Құрылыс және күрделі жөндеу.

2021 жылы 46 білім беру объектісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге       3,6 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде 2,8 млрд. теңге сомасына 10 күрделі нысан (3 объект – «Ауыл – Ел бесігі» (936,5 млн.), 5 – ЖСТ           (1,8 млрд.), 2 – ЖБ (88 млн.). Ағымдағы жөндеу жұмыстары 813,8 млн. теңгеге          36 нысанда қарастырылған.

Ағымдағы жылдың шілде айында Қарасу ауылында апатты жағдайдағы Қарасу негізгі мектебінің орнына 320 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталады.

А.ж. 3 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр: Қостанай қ.  «Береке» шағын ауданында 2,1 млрд.теңге сомасына 980 орын, «Қонай» шағын ауданында 2,6 млрд.теңге сомасына 900 орын, Қарабалық ауданында 1,2 млрд. теңге сомасына 320 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын 1 мектеп (Қарабалық а. М. Сералин атындағы орта мектептің жеке мектепте өз ғимаратының болмауы себебінен құрылыс жоспарланған). .

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларыг іске асыру туралы ақпарат.

Қостанай облысы бойынша барлық жалпы білім беретін мектептер                         (488 мектеп немесе 100%) кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 488 (100%), (84 қалалық және 404 ауылдық) 4 Мбит/с және одан жоғары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Қалалар және аудандар әкімдіктері білім бөлімдерімен (20 өңір) мектепке дейінгі ұйымдарға кезекшілікті және өтініш беруді автоматтандыру, мектептерге автоматтандырылған өтініш беру қызметі бойынша шарттар жасалды.

Қашықтықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 1,4 млрд.теңге сомасына 6 мың компьютер сатып алынды, үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге (2357,5 млн. теңге) 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника (компьютерлер – 1584, Ноутбуктер – 11586, планшеттер – 2052) сатып алынды. Облыста 1 компьютерге 4,3 оқушыдан келеді.

Оқушылардың Интернетке қол жетімділін қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін саны 2892 бірлік модем мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды. Сонымен қатар жалпы сомасы 18,3 млн.теңгеге 1 187 роутер мен модем сатып алу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июля 2021