2020 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қызметі туралы есеп

2020 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер – жергілікті атқарушы орган (Білім басқармасы).

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтердің саны – 3:

  1. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау.

Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттар беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау.

Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 190.

  1. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау.

«электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 33.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Сұраныстағы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттар беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау ең көп талап етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Білім басқармасының ресми сайтында, стендтерде, әлеуметтік желілерде орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының жобаларын көпшілік талқылау туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Жыл сайын білім басқармасы құқықтық білім мектебі шеңберінде негізгі міндеті Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін түсіндіру, басқарма қызметкерлерінің құқықтық білім деңгейін арттыру болып табылатын құқықтық жалпы оқыту жоспарын әзірлейді және бекітеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық жалпы оқытудың жұмыс жоспарына Қостанай облысының балалары мен жастарын үздіксіз кәсіптік бағдарлау 2019-2020 оқу жылына арналған бағдарламасын іске асыру, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы, құжаттарды қабылдау қағидалары және 2020-2021 оқу жылына ТжКБ ұйымдарына түсу емтихандарын өткізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы соңғы өзгерістер туралы тақырыптар, нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер мен толықтыруларға шолу және басқалар кіреді.

Сондай-ақ білім басқармасының интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат, сондай-ақ кеңес алу үшін жауапты мамандардың байланыс нөмірлері орналастырылған. Сонымен 2020 жыл ішінде БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook) білім басқармасының ресми аккаунттарында электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты 18 ақпараттық материал орналастырылды. Бұл ақпарат жүйелі түрде жаңартылып отырады. Қостанай облысының білім бөлімдерінің сайттарында мемлекеттік қызметтер желісі бойынша, атап айтқанда «Tyndau», «Цифрлық агент» жобасының мүмкіндіктері туралы мақалалар жарияланады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 136 бұйрығымен «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Түзетулерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің қағаз түріндегі баламасы қарастырылған, онда көрсетілетін қызметті алушы өтініш беруге және өтінішті www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін электрондық форматта алуға мүмкіндігі бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті, 2021 жылы 1 қызметкердің курстан өтуі жоспарланған.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар сұратымға қарай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-ге жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың арыздары туралы ақпарат (қосымша) – есепті кезең ішінде келіп түспеді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері.

COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты Білім басқармасының «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК-да 2020 жылдың ақпан айында жүргізілген талдауды және «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 8 орта мектебі» ММ-де 2020 жылдың қыркүйек айында жоспардан тыс жүргізілген талдауды қоспағанда 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілмеді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – ұшыраған жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділіктің перспективалары.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша әлеуметтік желілерде оларды сақтай отырып, тікелей эфирлер өткізу.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

«Электрондық үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлес салмағын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың арыздарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету, өтініш жасауға негіз болған себептер мен жағдайлард жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдау.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету (стендтер, БАҚ, брошюралар және т.б.).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілерін анықтау, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру шараларын қабылдау.

 

Білім басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2020 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар pravo@edu-kost.kz электрондық мекенжай немесе 8 (7142) 21-03-39 телефон бойынша қабылданады.

 

Дата публикации
15 апреля 2021