Қостанай облысының білім беру саласындағы 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

Қостанай облысының білім беру саласындағы

2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

 

Білім беру

Облыста 186 балабақша, оның ішінде 68 жекеменшік (2021 ж.-190, оның ішінде 68 жекеменшік) және 350 шағын орталық, оның ішінде 6 жекеменшік (2021 ж.-391, оның ішінде 11 жекеменшік) жұмыс істейді. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 89,7%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 99,9% (2021ж. – 99,9%) құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға үлкен кезектілік сақталады – 10 262 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 1 491.

2022 жылы жұмыс істеп тұрған жекеменшік балабақшалардағы орындарды кеңейту және мектептер жанынан шағын орталықтар ашу есебінен 298 жаңа орын (Қостанай қ.-216, Әулиекөл ауданы-40, Рудный қ.-22, Қарабалық ауданы-20 орын) енгізілді. Оның ішінде Қостанай қаласында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға 100 орындық мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен 1 балабақша ашылды. 

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 469 мектептен тұрады, оның ішінде 455 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп 5 кешкі,               9 жекеменшік мектептер (2021-2022 оқу жылы – 476 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер 5 кешкі, 7 жекеменшік мектептер).

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санының 115 – і мемлекеттік тілде оқытатын, 112-і аралас мектептер.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып – 295 немесе 64,8% (2021-2022 оқу жылында - 315 немесе 66,5%), оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді, 63 ауылдық мектептен 41 қалалық мектептің қамқорлығы ұйымдастырылды.

Елді мекендерде тұратын, тиісті үлгідегі мектептері немесе мектептері жоқ балалардың жалпы орта білім алуы мақсатында 2022-2023 оқу жылында 2 912 оқушыға (2 584-күнделікті, 328-апта сайын) тасымалдау ұйымдастырылды және 20 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.

Оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін 2022 жылы 3 жаңа мектеп ашылды (1 мемлекеттік мектеп Қарабалық кентінде 320 орынға 1,6 млрд.теңгеге, 2 жекеменшік мектеп Қостанай қаласында 800 орынға). 

2021 жылы 1 880 орындық 2 мектептің құрылысы басталды: 980 орындық «Береке» және 900 орындық «Қонай» шағын аудандарында (пайдалануға беру мерзімі - 2023 ж.). 

2022 жылдың тамыз айында 2 нысанның құрылысын бастауға (Қостанай ауданының Еңбек ауылы 100 орынға, жобаның жалпы құны 1,2 млрд. теңге, Қарабалық ауданының Гурьянов ауылы 100 орынға, жобаның жалпы құны 1,3 млрд. теңге). Бүгінгі күні «АТТМ групп құрылыс компаниясы» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасалды.

 

 

Сонымен қатар, 2022 жылғы 25 қарашада Қостанай облысының әкімдігі мен Еуразиялық Топтың (Eurasian Resources Group (ERG) кәсіпорындары арасында Рудный қаласында 1200 орындық мектеп салуға Меморандум жасалды.

Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы  шеңберінде                         2025 жылға дейін 7500 орындық тағы 9 мектеп салынады (ұлттық жоба 30.11.2022 жылы бекітілген). Оның ішінде 2023 жылы пайдалануға беру мерзімі 2024 жылы 4800 орындық 6 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда (Қостанай қ. Береке шағын ауданданында -1200 орынға, Рудный қ. 1200 орынға, Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында- 900 орындық, Заречный кенті- 900 орындық, Арқалық қаласы- 300 орындық, Құсмұрын кенті- 300 орындық), 2024 жылға 2025 жылы пайдалануға беру мерзімімен 2700 орындық 3 мектеп салу жоспарланған (Қостанай қ. Қонай 1200 орынға, Тобыл қ. 1200 орынға, Жітіқара қ. 300 орынға). Жаңа объектілерді жобалау бірыңғай оператор- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылы 108 ұйымды жөндеуге 7 млрд.теңге қарастырылған                        (20 күрделі-5,3 млрд. теңге; 88 ағымдағы-1,7 млрд. теңге).

Облыс бойынша барлық 455 мектептің (100%) интернет желісіне                       4 Мбит/с - тан кең жолақты қолжетімділігі бар, сонымен қатар 92 мектептің немесе 20% - ның жылдамдығы 20 Мб/с-тан (77 қалалық және 15 ауылдық),      138 мектептің немесе 30% - дан 10-дан 19 Мб/с-қа дейін (4 қалалық                  134 ауылдық), 199 мектеп немесе 44% – 8 Мб/с (8 қалалық және 91 ауылдық) және    26 мектеп немесе 6% ауылдық мектептер - 4 мб/с.

Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарының желісі 34 оқу орнынан тұрады, оның ішінде 25 мемлекеттік, 7 жекеменшік және 2 денсаулық сақтау басқармасының ведомствосында. Білім алушылар контингенті 22 мыңнан астам адамды құрайды (22 392), оның ішінде 17 128 немесе 76% мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды (2021-2022 оқу жылы – 16 509, 72%).

Облыста 1500-ден астам баланы қамтитын 24 арнайы ұйым (6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) жұмыс істейді.  Қадамдық қолжетімділікте жағдай жасау мақсатында 2022 жылы облыстың 2 қаласы мен 6 ауданында 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды (126 бала, 44 педагог-ассистент).  Осылайша, бүгінде облыста инклюзияны қолдаудың 14 кабинеті жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау өткен жылмен салыстырғанда 482 орынға ұлғайтылды және 6 134 құрады (оның ішінде нысаналы мемлекеттік тапсырыс – 687).

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың басты критерийі колледж түлектерін жұмысқа орналастыру болып табылады. Мысалы,         2022 жылдың қорытындысы бойынша ТжКБ жүйе түлектерінің контингенті     6 617 адамды құрады, оның ішінде 4 974 түлек немесе 75% (2021 ж. - 75%) жұмысқа орналастырылды.

Дата публикации
10 января 2023