Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 69 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 69 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

Р/с№

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Ақпарат

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Білім туралы» 2007 жылғы             27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
12 наурыздағы № 320   «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»       қаулысы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығы

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Қаржылық шығындар облыстың бюджетінде қөзделген

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

5

Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандырумен қамтамасыз ету

6

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қабылданған жоқ

7

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қажеттілігі жоқ

8

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Талап етілмейді

 

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің

         білім басқармасы» ММ басшысы                                                                А. Бегатаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын. Е. Құрманбаев

тел. 390-798

 

Дата публикации
07 сентября 2026