ХАБАРЛАНДЫРУ Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын бөлу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын бөлу туралы

Құрметті облыс тұрғындары! 2026-2027 оқу жылына жоғары білім алу үшін (бакалавриат және резидентура) жергілікті бюджет есебінен конкурс негізінде білім беру гранттары бөлінеді

Конкурс екі кезеңмен өткізіледі:

1-кезең – құжаттар қабылдау: осы жылдың 5-10 тамыз аралығында

2-кезең - конкурс комиссиясының отырысы: осы жылдың 17-18 тамыз күндері

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. белгіленген үлгі бойынша өтініш;
  2. жалпы орта білім туралы құжатының көшірмесі (ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа қажет);
  3. ҰБТ сертификатының көшірмесі, студенттер — соңғы сессияның нәтижелері, интернатураға түсетіндер – бакалавриат туралы дипломның көшірмесі (ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа қажет);
  4. 075 нысан бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі (тапсыратын кезде түпнұсқа қажет);
  5. жеке куәліктің көшірмесі;
  6. бар болса – көп балалы отбасының мәртебесін, аз қамтылғандығын, жетім қалғанын немесе ата-анасының қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Денсаулық сақтау және Педагогикалық ғылымдар мамандықтары үшін — психометриялық тесттен өткендігі туралы анықтама;
  8. «Өнер» бағытының мамандықтары үшін — шығармашылық емтихан қорытындысы.

Құжаттарды қабылдау орны: А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, 1-қабат).

Конкурс қорытындысы: Грант иегерлерінің тізімі Білім басқармасының сайтында 21-тамызға дейін жарияланады.

Білім беру грантын беру туралы куәлік осы жылдың 25 тамызынан кешіктірілмей беріледі.

Байланыс телефоны: 8 (7142) 39-08-16, 8 747 404 7943

 

 

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

 

р/с №

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және сыныптамасы

Саны

 

 

 

 

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В015 Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

4 

Математика мұғалімдерін даярлау

2 

Информатика мұғалімдерін даярлау

2 

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

4 

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

1 

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

3 

2

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

2

Исламтану

2

3

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B021 Өнер

2

Дирижирлеу

1

Дәстүрлі музыкалық өнер

 

1

4

 6B10 Денсаулық сақтау

6B101 Денсаулық сақтау

8

Стоматология

2

Медицина

6

БАРЛЫҒЫ:

20

 

Дата публикации
04 августа 2026