Қостанай облысы әкімдігінің 2026-2027 оқу жылына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба
|
Р/с№ |
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі |
Ақпарат |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ) |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Білім туралы» 2007 жылғы |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Облыс бюджеті есебінен көзделген қаражат шегінде |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
|
5 |
Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар білікті кадрларды даярлау |
|
6 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Қажеттілігі жоқ |
|
7 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Қозғамайды |
|
8 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Талап етілмейді |
«Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы» ММ басшысы А. Ибраева
Орын.: Е. Курманбаев
тел.: 8(7142) 39-07-98