«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық конкурс комиссиясы мүшелерін іріктеуге қатысу үшін кандидаттардан өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ республикалық конкурс комиссиясының мүшелерін іріктеуге қатысу үшін кандидаттардан өтінімдердің қабылданатыны (бұдан әрі – Конкурс) туралы хбарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіптік шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурс комиссиясы мүшелерін іріктеуге қатысу үшін мүдделі тұлғалар, оның ішінле техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, педагог қызметкерлер, жұмыс берушілер, серіктес ұйымдар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады.
Іріктеу рәсіміне қатысу үшін кандидаттар мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
Құжаттарды 2026 жылғы 15–17 маусым аралығында tipo@edu-kost.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Қосымша ақпаратты «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінен 39-08-16 телефоны арқылы білуге болады.