2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

          Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін еске отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКОБ) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) қатысушыларына қойылатын талаптар әзірленді.

          Конкурсқа қатысуға меншік түріне қарамастан, қатысуға өтінім берген ТжКОБ ұйымдары жіберіледі.

Қонкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық ТжКОБ ұйымдары мерзімі 2026 жылғы 29 мамыр 2 маусым аралығында (сағат 9:00-ден -20:00-ге дейін)  Қостанай облысының «Мемлекеттік корпорация. Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдері немесе  www.egov.kz «электрондық үкіметтің»  веб-порталы арқылы құжаттарды ұсыну қажет.

Құжаттарды қабылдау «ТжКОБ бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады (Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 7-қосымша).

Дата публикации
29 мая 2026