Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 19.05.2026 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі (А1-2-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 192 189 теңгеден 233600 теңгеге дейін.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000,  Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 19.05.2026 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі (А1-2-1 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 192 189 теңгеден 233600 теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Гоголя көшесі, 75.

Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Майлина көш., 81/1, info@kostpmpk.edu.kz, тел. 8 ((7142) 21‒21‒83.

Кәсіпорынның қызметі Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру. Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және оларды жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарында қанағаттандыру бойынша ұсыныстар беру.

Функционалдық міндеттері:

арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;

      педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;

      білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;

      әдістемелік жұмысты басқарады;

      құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;

      бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

      барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;

      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

      педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

      педагогикалық кеңесті басқарады;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:    "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

 

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;

 

      аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;

 

      осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білу керек:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      педагогика және психология негіздері;

      қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары

      басқарудың инновациялық әдістері;

      экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;

      құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары;

      компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері..

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: қ.Қаласы, Гоголя 75 көш., 127 каб., анықтама үшін телефон: 8(7142) 390843, 8-705-668-71-77.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

/ Кандидаттың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі -Т. А. Ә.),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
жұмыс орны,
Нақты тұрғылықты
жері, тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны

Өтініш

      Мені ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

      __________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі кезде_________________________________________________________

      (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

      орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

   

 

Жүктеу

      Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

      __________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

       

 

Жүктеу

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

      Мен келісемін ___________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

      "____"______________20___жыл __________ /қолы/

 

Дата публикации
19 мая 2026