Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10055 болып тіркелген);
2) «Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 304 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10246-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жариялағанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов