24 сәуірде Білім басқармасының өкілдері, облыстың білім бөлімдерінің басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасы жобасына ұсыныстарды талқылауға қатысты.

        Іс-шара Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті және Қостанай облысы әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп ұйымдастырылды.

        Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және антикоррупциялық саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.

       Мұндай бастамалар білім беру жүйесінде ашықтық, есептілік және адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Дата публикации
28 апреля 2026