
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі мынадай қызмет бағыттарын жүзеге асырады: қосымша білім беру жүйесінің жай-күйіне, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына мониторинг жүргізу; жалпы білім беретін мектептерде үйірме және секция жұмысын ұйымдастыру; жазғы және каникул кезеңінде балалардың демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру; азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру жөніндегі қызметті үйлестіру және талдау, қылмыстың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, діни экстремизмнің, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу; білім алушылардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.